Біздің сынып

0
1012
информация

Сабақтың тақырыбы: Біздің мұғалім. Сын есім.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың біздің мұғалім тақырыбы туралы әңгімелесе алуы және сын есімдерді ажырата білуі тиіс
Сабақтың міндеттері:
Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау.
Жаңа тақырыпты оқушылардың өздерінің меңгеруі
Әр түрлі тапсырмалар арқылы оқушы білімдерін тексеру
Сабақта алған білімдерін жан-жақты талдау. Сөздерді септеп, сөйлемдер құрастыру.
Сабақта алған білімдерін жинақтау.
Күтілетін нәтиже:
1. Сын есімдерді дұрыс қолдана алады.
2. «Біздің мұғалім» тақырыбы бойынша өз ойын еркін жеткізе алады.
3.Өзінің іс-әрекетіне анализ жасай алады.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, слайдтар, плакаттар, оқулық, түрлі маркерлер, стикерлер.
Қолданылатын әдістер: (Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету) миға шабуыл «Сөзжұмбақ», коллаж жасау; (Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер) диалотік оқыту, топқа бөлу; (Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау) бақылау парағы, өз-өзін бағалау; (АКТ) демонстрациялау; (Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу) деңгейлік тапсырмалар
Қолданылатын модульдер: Блум таксономиясы,сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, АКТ пайдалану, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу (деңгейлік тапсырмалар).
Жұмыс түрлері: топпен жұмыс, жұппен жұмыс, жеке жұмыс.
Сабақтың барысы:
Психологиялық ахуал

Ынтымақтастық атмосферасы «Қызыл өрік» тренингі. Тәтті кәмпиттер арқылы 3 топқа бөлу. (3 мин)
Топ мүшелері өздеріне 1) таймкиперді, 2) баяндамашыны, 3) төрағасын және 4) хатшыны сайлап алады.
Блум таксономиясы бойынша
1.Білім:а) Сыни тұрғыдан ойлау (миға шабуыл, 2 мин)
а) –Наурыздың нешесі?
-Аптаның қай күні?
Бүгін неше сабақ?
Тақырыпты ашу үшін сөзжұмбақты шешу
1) Доброта (мейірім)
2) Учитель (ұстаз)
3) Оценка (баға)
4) Талант (дарын)
5) Стихотворение (өлең)
6) Алфавит (әліпби)
7) Текст (мәтін)
ә) Сөздікпен жұмыс.2 мин
мұғалім (ұстаз, оқытушы) – учитель
білімді – образованный
үйретеді (оқытады) – учит
көңіл бөледі – обращает внимание
мейірімді – добрый (-ая)
түсіндіреді – объясняет
ұнайды – нравится

2.Түсіну: «Біздің мұғалім» Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқып, коллаж құрастыру.(әр топ қорғайды)10 мин
3.Қолдану: Тірек сөздерді пайдаланып, ұстазың туралы әңгімеле (әр топ өз әңгімесін құрастырады)
Тірек сөздер: мейірімді адам, дарынды ұстаз, қызық сабақ, жақсы білім, пән мұғалімі, сыйлаймыз, барамыз.
Сергіту сәті 2 мин
4.Талдау: Сөздерге тиісті септік жалғауларын жалғап, сөйлемдер құраңдар.
1. Сабақ(Ш.с.) кейін кітапхана(Б.с.) барасың ба?
2. Ертең сағат бес(Ж.с.) кинотеатр(І.с.) алдында кездесеміз.
3. Сен кім(К.с.) бір(Б.с.) бір парта(Ж.с.) отырасың?
4. Мен кеше Айдос(Ш.с.) қызықты кітап алдым.
5. Ол стадион(Б.с.) дейін автобус(К.с.) барды.
6. Мен терезе(Т.с.) жудым, еден(Т.с.) сүрттім.
5.Жинақтау: сызбаны түсіндіреді. Жоғары, орташа, төмен дәрежелі тапсырмаларды орындайды. 3 минут
Жоғары дәрежелі тапсырмалар : «Біздің мұғалім» деген тақырыпқа диалог құрастыр.
Орташа дәрежелі тапсырмалар: «Біздің мұғалім» деген тақырыпқа 3 сөйлем құрастыр.
Төмен дәрежелі тапсырмалар:Сұрақтарға жауап бер.
-Сен нешінші сыныпта оқисың?
-Мұғалімнің аты-жөні кім?
-Соңғы сабақ нешеде аяқталады?
-Сендерде ертең неше сабақ болады?

6.Бағалау.әр топтың бағалау парағын жинап алу.3 мин
білім түсіну қолдану талдау жинақтау бағалау
Оқушы аты Сөйлем құрау коллаж
жасау
(оқ.жұм Тірек сөздер Тиісті септік жалғ
жалғау Деңгейлік
тапсырмалар бағалау қорытынды

«5» 20-25 балл 5-өте жақсы,белсенді жұмыс істегені үшін
«4» 13-19 балл 4- жақсы жұмыс істегені үшін
«3» 6-12 балл 3- барлық тапсырмаларға белсенді қатыспағаны үшін
«2» 0-5 балл 2-сабаққа қатыспағаны үшін
Үйге тапсырма: 33 бет, 5-тапсырма (өлеңді мәнерлеп оқу)
Рефлексия:(музыка қосып қою) стикерге түсінбеген сұрақтарын, сабақтың қалай өткендігін және қалай өткізген ұнайтындығы туралы өз ойларын жазу.