Қазақ тілі 5 класс на казахском

Бұл қай кезде болады? Сын есімнің жұрнақтары.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кезде болады? Сын есімнің жұрнақтары.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сын есімнің жұрнақтарын түсіндіру , сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, жұмбақ шешу

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сын есімнің жұрнақтарын меңгеру, қыс туралы өз ойын айта

білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1-тапсырма («Жаңа жыл» мәтінін мазмұндау). Туынды сын есімдерге мысалдар жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1– тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіріңдер. Сын есімді табыңдар.

Ұшан – теңіз қалың қар,

Жерді басып, жабады.

Мұздай демі бет қарып,

Аяз аузын ашады.

2 – тапсырма. Жұмбақтарды шешіңдер.

1. Таудан түссем, тоқтауды білмейді,

Тауға қарай, тартсам да жүрмейді. (шана)

3- тапсырма. Суреттерге қарап, әңгіме құрап жазыңдар. Сын есімдердің астын сызыңдар.

Ережемен жұмыс

Сын есімнің жұрнақтары

1. –ғы, -гі, -қы, -кі: қысқы, кешкі, жазғы, күзгі

2. –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: қалалық, әкелік, аудандық, шетелдік

3. –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: таулы, өнерлі, орманды, ұлтты

4. – сыз, -сіз: ақылсыз, білімсіз

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма ( Өлеңді жатттау )

Жұмбақтар жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Бұл кімдер? Сын есім
  2. Бұл қай кез ? Сөз құрамы.
  3. Денсаулық елінде. Жалғаулық шылулар.
  4. Денсаулық. Еріндік және езулік дауысты дыбыстар.
  5. Денсаулыққа пайдалы кеңестер. Демеулік шылулар.
  6. Диктант «Ақылды мал»
  7. Диктант «Жазда»
  8. Диктант «Кит»
  9. Диктант «Мамандық»
  10. Диктант «Отбасылық еңбек»

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса