Біздің мұғалім. Омоним.

0
744
window

Сабақтың тақырыбы: Біздің мұғалім. Омоним.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

омонимді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, бес жолды өлең

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: омонимдерді меңгеру, өз мұғалімдері жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

2- тапсырма.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. «Біздің мұғалім» мәтінін оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

Омоним болатын сөзді табыңдар.

2 – тапсырма. Өз мұғалімің туралы айтыңдар.

1) мінезі (мейірімді, мейірбан, тік, ашық)

2) бойы (ұзын, қысқа, орта бойлы)

3) көзі, шашы (түсі – қара, сары, көк)

4) киімі (әдемі, жарасымды)

Бес жолды өлең

1. Зат есім – мұғалім

2. Сын есім – ұқыпты, үлгілі

3. Етістік – сабақ береді, түсіндіреді, әзірлейді

4. Сөйлем – Ұқыпты мұғалім сабақты уақытында әзірлейді.

5. Синоним – ұстаз, оқытушы

Ережемен жұмыс

Жазылуы бірдей, мағыналары басқа сөздер омоним деп аталады. Мысалы:

Ара – 1. пчела 2. промежуток 3. пила

Қара – 1. черный 2. смотри

Түс – 1. цвет 2. слез 3. сон 4. обед

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

3 – тапсырма (Сұрақтарға жауап беру)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау