Бұл қай кез ? Сөз құрамы.

0
685
числа

Сабақтың тақырыбы: Бұл қай кез ? Сөз құрамы.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сөз құрамын түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сөз құрамын меңгеру, күз мезгілі туралы өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өтілген модульді еске түсіріп, пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Суреттерге қарай отырып, қай жыл мезгілі екенін анықтау.

Суреттер бойынша сөйлемдер құрау.

2 – тапсырма. «Күз» тақырыбындағы топтастыру жасау.


Күз

3 – тапсырма. Берілген сөздерді құрамына қарай екі бағанға бөліп жазу.

Негізгі түбір Туынды түбір

Ережемен жұмыс

Қазақ тілінің сөз құрамы түбір мен қосымшадан тұрады. Мысалы: жұмыс –шы-лар

Сөз құрамы: түбір + жұрнақ + жалғау

Сөздің бөлшектенбейтін бөлігі негізгі түбір деп аталады. Мысалы: көмек, т.б.

Негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғанса, ол туынды түбір деп аталады. Мысалы: көмек +ші, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

Ережені жаттау. «Күз» тақырыбында әңгіме дайындау.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау