Қазақ тілі 5 класс на казахском

Денсаулық елінде. Жалғаулық шылулар.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық елінде. Жалғаулық шылулар.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

жалғаулық шылауларды түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға

үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, биология

Күтілетін нәтиже: жалғаулық шылауды меңгеру, аурухана туралы айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1-тапсырма («Денсаулыққа пайдалы кеңестер» мәтінін мазмұндау)

Демеулік шылауларға 6 сөйлем құрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.

2 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей.

1. Қай жерің ауырады? Сөйлесу құрастырыңдар.

2. Берілген сөйлемдерден жалғаулық шылауларды табыңдар.

ІІ деңгей.

1. «Аурухана» тақырыбына сұхбат дайындаңдар (керекті сөздер:тіркеу орны, қан қысымы,

қызуды өлшеу)

2. Берілген сөйлемдерден жалғаулық шылауларды тауып, морф. талдау жасаңдар.

І деңгей.

1. Денсаулықты не үшін сақтау керек? Өз ойларыңды жазыңдар.

2. Берілген жалғаулық шылауларды қолданып, сөйлем құраңдар.

Ережемен жұмыс

Жалғаулық шылау

1. Ыңғайлас жалғаулық: мен, бен, пен, т.б. 5. Кезектес жалғаулық: бірде, біресе

2. Қарсылықты жалғаулық: бірақ, алайда, т.б. кейде, т.б.

3. Себеп – салдар жалғаулық: себебі, өйткені, т.б. 6. Шартты жалғаулық: егер

4. Талғаулы жалғаулық: не, немесе, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

«Дәрігердің міндеті» тақырыбына әңгіме жазу. 3 – тапсырма.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Бұл қай кез ? Сөз құрамы.
  2. Бұл қай кезде болады? Сын есімнің жұрнақтары.
  3. Денсаулық. Еріндік және езулік дауысты дыбыстар.
  4. Денсаулыққа пайдалы кеңестер. Демеулік шылулар.
  5. Диктант «Ақылды мал»
  6. Диктант «Жазда»
  7. Диктант «Кит»
  8. Диктант «Мамандық»
  9. Диктант «Отбасылық еңбек»
  10. Диктант «Пайдалы кеңес»

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса