Денсаулық. Еріндік және езулік дауысты дыбыстар.

0
1242
информация

Сабақтың тақырыбы: Денсаулық. Еріндік және езулік дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

еріндік және езулік дыбыстарды түсіндіру, сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: еріндік және езулік дыбыстарды меңгеру, денсаулық жөнінде өз

пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

4-тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Фонетика дегеніміз не?

2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

3. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу ?

4. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

2 – тапсырма. «Денсаулық» мәтінін оқып, мәтінге жоспар құрыңдар, мазмұндаңдар.

3 – тапсырма. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

Денсаулық – ден-сау-лық 1,2,3 буындар – бітеу буындар.

Д – дауыссыз, ұяң У – дауыссыз, үнді

Е – дауысты, жуан, ашық, езулік Л – дауыссыз, үнді

Н – дауыссыз, үнді Ы – дауысты, жуан, қысаң, езулік

С – дауыссыз, қатаң Қ – дауыссыз, қатаң

А – дауысты, ашық, езулік

9 әріп, 9 дыбыс бар.

Ережемен жұмыс

Дауысты дыбыстар ерін мен езудің қатысына қарай екі түрге бөлінеді:

  1. Еріндік дауыстылар: о,ө,ү,ұ,у

  2. Езулік дауыстылар: а,ә, е,э, и,ы,і

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

«Денсаулықты қалай күту керек» тақырыбына әңгіме жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау