Диктант «Кит»

0
1364
window

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Кит»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша қысқаша мәлімет бере отырып,

сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сауатты жазу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Тыныс белгілердің қойылу ережелерін, сан есімдерді пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қиын сөздер: сүру, өзекті

Диктант

Кит

Дүние жүзіндегі ең үлкен, ірі кит – көк кит – блювал деп аталады. 1947 жылы Антариктидада осы киттің біреуі ұсталды. Оның ұзындығы – 28 метр, ал салмағы – 140 тонна. Бұл бұрын -соңды ұсталып жүрген киттердің ең ірілерінің бірі еді. 1926 жылы Норвегияның кит аулаушылары Антариктиадада дүние жүзіндегі ең үлкен көк киттің – блювалдың біреуін ұстаған еді, оның ұзындығы 33 метр болатын. (57 сөз)

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау

VІ. Бағалау бөлімі

Диктант жұмысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь