Қазақ тілі 5 класс на казахском

Қазақ тілі сабағында біз, әдетте, не үйренеміз? Тұйық буын

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі сабағында біз, әдетте, не үйренеміз? Тұйық буын.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

тұйық буынды түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жұптық жұмыс, жұбыңды тап

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, кеспелер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: тұйық буынды меңгеру, қазақ тілі сабағы жөнінде өз пікірін айта

білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырманы сұрау. Сөйлемдерін тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. «Қазақ тілі сабағы» мәтіні бойынша жұптық жұмыс.

1. мәтінді оқиды

2. мәтін бойынша сұрақ құрайды

3. мәтінді мазмұндайды

4. көршісінің жауабын бағалайды

2 – тапсырма. Бірінші бағандағы сөздерді екінші бағандағы сөздермен мағынасына қарай

сәйкестендіріңіз.

3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерді буынға бөліп жазып, ашық және тұйық буындарды

табу.

«Жұбыңды тап» ойыны ( кеспелерден сөз тіркесін құрау)

қазақ тілі

мәтінді

жасаймыз

шешеміз

оқимыз

талдау

мақал-мәтелдерді

мәтін

өлең

жұмбақтар

сабағы

аударамыз

жаттаймыз

сөйлейміз

түсіндіреміз

қазақша

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

Тақырып бойынша 5 сөйлем жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы Біздің үй
  2. Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Қыс. Қысқы киім
  3. Қазақ тілінен күнтізбелік-сабақ жоспары 5- сынып Сабақтың тақырыбы: Ас- адамның арқауы
  4. Қазақстан Республикасы.
  5. Қазақстан таулары. Зат есімнің мағыналық түрлері.
  6. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Дара және күрделі зат есім.
  7. Қазақстанның жануарлар әлемі. Болымсыздық есімдігі.
  8. Қазақстанның табиғаты. Жалпы, жалқы зат есім.
  9. Қазақстанның өндіріс орындары. Ілік септігі
  10. Қалаға саяхат. Септік жалғаулары.

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса