Қазақстанның жануарлар әлемі. Болымсыздық есімдігі.

0
1021
карта мира

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жануарлар әлемі. Болымсыздық есімдігі.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

болымсыздық есімдігін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға

үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, топтық жұмыс, жұмбақтар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: болымсыздық есімдігін меңгеру, жануарлардың әлемі туралы өз

ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырма ( «Көмекшілер» мәтінін мазмұндау). Есімдіктері бар мақал-мәтелдер жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. «Қазақстанның жануарлар әлемі» мәтінімен топтық жұмыс.

Мәтінді оқу

Мәтін бойынша сұрақ құрау

Мәтінді мазмұндау

Мәтіндегі тірек сөздерді табу

2 – тапсырма. Суреттер бойынша жануарлар туралы әңгіме құрау.

3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерден есімдіктерді тауып, морфологиялық талдау жасау.

Жұмбақтар шешу.

1. Етікшінің аспабының біріне ұқсас есімдіктің қай түрі? (Біз – жіктеу есімдігі)

2. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды. (сұрау есімдігі)

3. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды (мен, сен)

4. Құрамындағы сөздің көпшілігін көршісінен сұрап алыпты.

Алдына бір буын қосыпты да есімдіктің бір түрі боп тұ ра қалыпты. (болымсыздық есімдігі)

Ережемен жұмыс

Болымсыздық есімдіктері: ешқашан, ешқайда, ештеңе, дәнеме, түк, ада, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма («Қазақстанның жануарлар әлемі» мәтінін мазмұндау).

Мақал – мәтелдермен жұмыс.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь