Қазақ тілі 5 класс на казахском

Қазақстан таулары. Зат есімнің мағыналық түрлері.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан таулары. Зат есімнің мағыналық түрлері.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

зат есім мағыналық түрлерін түсіндіру , сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер, карта

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, география

Күтілетін нәтиже: зат есімнің мағыналық түрлерін меңгеру, Қазақстан таулары

жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – 4 – тапсырма.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. «Қазақстан таулары» мәтінін оқыңдар. Зат есімдерді теріп жазып,

құрамына және мағынасына қарай ажыратыңдар.

Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қойыңдар. (картамен жұмыс)

2 – тапсырма.«Қазақстанның таулары» диалогын оқып, жалғастырыңдар. Зат есімдерді

тауып, мағыналық түрін ажыратыңдар.

3 – тапсырма. Суреттерге қарап, сұрақтарға жауап беріңдер.

Ережемен жұмыс

Зат есім – заттың атын білдіретін сөз табы. Сұрақтары: кім? не?

Зат есім мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:

  1. жалқы зат есім: Қазақстан, Алатау, т.б.

  2. жалпы зат есім: тау, ауа райы, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма (мәтінді мазмұндау).

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Қазақ тілінен күнтізбелік-сабақ жоспары 5- сынып Сабақтың тақырыбы: Ас- адамның арқауы
  2. Қазақстан Республикасы.
  3. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Дара және күрделі зат есім.
  4. Қазақстанның жануарлар әлемі. Болымсыздық есімдігі.
  5. Қазақстанның табиғаты. Жалпы, жалқы зат есім.
  6. Қазақстанның өндіріс орындары. Ілік септігі
  7. Қалаға саяхат. Септік жалғаулары.
  8. Қанша? Неше? Есептік және реттік сан есімдер.
  9. Қатемен жұмыс. Танысу
  10. Қызық оқиға. Төл сөз.

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса