Қазақ тілі 5 сынып. Сабақтың тақырыбы: Қыс. Қысқы киім

0
767
литература

Күні: 19.12.13

Сабақтың мақсаты:

1) Оқушылардың алған білімдерін қайталау арқылы сөз байлықтарын, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөз қорларын байыту, білімі мен білгірлігін қайталау арқылы қалыптастыру, үйренген сөздерді тұрмыста қолдана білуге үйрету.
2) Әртүрлі тапсырмалар бойынша балалардың білімдерін дамыту. Суреттермен жұмыс істей отырып, ойлау, есте сақтау, сөйлесу тілін дамыту, байқампаздық қасиетін дамыту, тіл үйренуге қызығушылығын арттыру.
3) Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту, жануарлар дүниесіне деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, киім киюде талғампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: “Алтын қазына” ойыны арқылы оқыта үйрету сабағы
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сұрақ – жауап, ойын түрлері.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, сабаққа қызыл, сары, жасыл түсті акциялар дайындалады.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

– Қайырлы күн. Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Бүгін сабағымызда «Алтын қазына» ойынын ойнаймыз. Сабақ жеті сатыдан тұрады. Әр сатыда сендерге ертегі кейіпкерлері сұрақ қояды. Қай топ жетінші сатыға бірінші жетеді, сол топ қазынаға қол жеткізеді. Кәне, екі топқа бөлінейік (оқушылар екі топқа бөлініп, топтың атын құрайды, топ басшыларын тағайындайды).

Бірінші саты . Алдаркөсенің тапсырмасы.

Алдаркөсе балалардан үй тапсырмасын сұрайды. Сұрақтарға көшпес бұрын өткен сабақты еске түсіру мақсатында төмендегі түстерді атап шығу керек.

ТЕК КӨРГЕН ТҮСТІ ОҚЫҢЫЗ!

ҚАРА АҚ ЖАСЫЛ КҮЛГІН ҚОҢЫР САРЫ САРҒЫШ АЛА

КҮРЕҢ ҚЫЗЫЛ ҚЫЗЫЛ КӨК КӨГІЛДІР ҚАРА АҚ ЖАСЫЛ

КҮЛГІН ҚОҢЫР САРЫ САРҒЫШ АЛА КҮРЕҢ ҚЫЗЫЛ

ҚЫЗЫЛ КӨК КӨГІЛДІР ҚАРА АҚ ЖАСЫЛ КҮЛГІН ҚОҢЫР САРЫ САРҒЫШ АЛА КҮРЕҢ ҚЫЗЫЛ ҚЫЗЫЛ КӨК КӨГІЛДІР

Әр топқа арналған сұрақтар бар:

I топ

Сын есім дегеніміз не?

Сын есімнің жұрнақтары?

Қыста ауа-райы қандай

болады?

“Плотный” сөзінің қазақша

аудармасы

II топ

Қыс айларын ата?

Сын есімнің сұрақтарын ата?

Сын есімге 5 мысал келтір.

«Мороз» сөзінің аудармасы?

Екінші саты. Аязатаның қоржыны.

Сөздік жұмысын жүргізу.


Сөздік

Шарф – шарф

Варежки – қолғап

Шуба – тон

Пальто – пальто

Малахай – тымақ

Сапог – етік

Валенки – пима

Куртка – күртеше

Обувь – аяқ киім

Шапки(головные уборы)мн.ч – бас киімдер, ед.ч. – (бас киім)

Круглая шапка с мехом – бөрік

Теплый – жылы

Короткий – қысқа

Длинний – ұзын

Плотный – қалың

Кожаный – былғары

Санки – шана

Лыжи – шаңғы

Коньки – коньки

Кататься – тебу, сырғанау


 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь