Қалаға саяхат. Септік жалғаулары.

0
816
программирование

Сабақтың тақырыбы: Қалаға саяхат. Септік жалғаулары.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

септік жалғауларын қорытындылау , сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: септік жалғауларын меңгеру, саяхат жөнінде өз пікірін айта

білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

4-5 – тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Диалогты толықтырыңдар.

– Сен қандай қалаларда саяхатта болдың?

– … .

– Қаладан қандай көрнекі орындарды көрдің?

– … .

– Саяхат саған ұнады ма?

– … .

2 – тапсырма. Суреттер бойынша саяхат туралы әңгіме құрау.

3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерден септік жалғауы бар сөздерді табу.

4 – тапсырма. Жұмбақтарды шешу.

1. Бұдан кір қорқады,

Судан бұл қорқады. (сабын)

2. Белін буған,

Қоқыс қуған. (сыпырғыш)

3. Есігі біреу, бөлмесі бесеу. (қолғап)

Ережемен жұмыс

Септік жалғауларын қайталау

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

5 – тапсырма (Саяхаттарындағы ең ұнаған жері туралы әңгіме жазу).

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь