26-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Амалды орындаудың рет тәртібі.
Мақсаты: Жақшалармен таныстыру және жақшалардыі ішіндегі амалдың алдымен орындалатынын айту; өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтауға жаттықтыру; өзара кері есептер құру және шығартуды пысықтай түсу; уақыттың бірліктерін пысықтау; екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға машықтандыру.
I.Ұйымдастыру сәті
Біз өнерге, ұлы өмірге,
Гүл өмірге иеміз.
Көгімізді, көлімізді,
Елімізді сүйеміз.
Туған жерге аунап-қунар,
Біз ұланбыз, өрімдейміз.
Біз ұланбыз еңбекқұмар,
Оқу десе ерінбейміз.
II. Тірек білімді еске түсіру
А) *7> 90 8* < 81 65 >6*
-Қандай цифрлар қалып қойған?
-Осы жазуларды өрнектер деуге бола ма?
-Өрнектерге мысалдар келтіріп, дәлелдейді.
Ә) Ойын. Тапсырма: Түрлеріне қарай топта.Өзге өрнек бар ма?