Амалды орындаудың рет тәртібі.

0
701
английский

26-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Амалды орындаудың рет тәртібі.

Мақсаты: Жақшалармен таныстыру және жақшалардыі ішіндегі амалдың алдымен орындалатынын айту; өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтауға жаттықтыру; өзара кері есептер құру және шығартуды пысықтай түсу; уақыттың бірліктерін пысықтау; екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға машықтандыру.

I.Ұйымдастыру сәті

Біз өнерге, ұлы өмірге,

Гүл өмірге иеміз.

Көгімізді, көлімізді,

Елімізді сүйеміз.

Туған жерге аунап-қунар,

Біз ұланбыз, өрімдейміз.

Біз ұланбыз еңбекқұмар,

Оқу десе ерінбейміз.

II. Тірек білімді еске түсіру

А) *7> 90 8* < 81 65 >6*

-Қандай цифрлар қалып қойған?

-Осы жазуларды өрнектер деуге бола ма?

-Өрнектерге мысалдар келтіріп, дәлелдейді.

Ә) Ойын. Тапсырма: Түрлеріне қарай топта.Өзге өрнек бар ма?

-Ендеше, бүгін осы өрнекті шығару жолымен танысамыз.

III. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

№1 Сұрақтарға байланысты жұмыс ұйымдастырылады.Өрнектерді салыстырып,ұқсастығы мен айырмашылығын атайды.Оқушылар оқулықтағы түсіндірмемен,амалдарды орындау рет-тәртібінің алгоритмімен танысады. Қорытынды шығарады.

( ) түріндегі белгі жақшалар деп аталады.

Жақшаның ішіндегі амал алдымен орындалады.

№2 Бірінші бөлігі тақтада амалдарды орындау рет тәртібінің әр қадамын түсіндіре отырып орындалса, екінші бөлігі оқушылардың өзіндік жұмысы ретінде орындалады.

Сергіту сәті

1-иілеміз,шалқаямыз,

2-алақанды үш соғамыз.

Басымызды үш изеп,

4 дегенде қол созамыз

5,6 дегенде.

Орнымызға отырамыз.

№3 Есеп тақтада талданып орындалады.Оқушылар амал компоненттері мен нәтижелері арасындағы өзара байланысты анықтайды.

Бір санның екінші саннан қанша үлкен не кіші екенін табу үшін үлкен саннан кіші санды азайтамыз.

№6 Топпен жұмыс.Жұмысқа 5-7 минут уақыт беріледі.Мысалдарды шығарып,оған тағы бір-бірден мысал жазу тапсырылады. Жұмыс барысында оқушылар кері мысалдарды шығару алгоритмін айтады.

Рефлексия.Өзіндік жұмыс.

Алдын- ала өлшем бірліктері арасындағы қатынасты қайталап барып орындайды.

Үйге тапсырма. 49-бет.№4

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь