Ана тілі. Сабақ тақырыбы: Арқарға үлкен мүйіз неге керек?

0
863

Сабақ мақсаты: Оқушыларды мазмұның түсініп өз тілдермен сөйлеп үйрету. Жабайы және үй жануарлардың айырмашылығын салыстыра білу. Тіл байлығын арттыру. Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Арқардың, қошқардың, аттың, автордың суреттері, тест, сөзжұмбақ, тірек сызба, венн диаграмма, жаңылтпаш.
Сабақ барысы: 1) Үйымдастыру кезені. Сынып оқушыларын сабаққа әзірлеу.
2) Үй тапсырманы тексеру.
Тест.
1. Жантас қандай бала?
2. Балапандардың аяныш халін суретте?
3. Балапандарға көмекке келген кім?
4. Қожа қандай бала?
4-ке 5
3-ке 4
2-ге 3
3) Жаңа тақырып: Бүгінгі тақырып атын білу үшін біз сөзжұмбақ шешеміз.

1. Орман патшасы.
2. Ит сияқты пішіні.
Ұнатпайды ол кісіні.
3. Орғыған қорқақ ,көзі қилы,
Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.
4. Жазда қыдырады,
Қыста тынығады.
5. Жатып-жатып инелер,
Жүгіріп жаңына тез келер.
Қандай сөз шықты? Арқар. Балалар қалай ойлайсындар «Арқарға үлкен мүйіз неге керек?» (оқушылардың ойлары). Бұл мәтінді бізге жазған Қәдірбек Сегізбай ол 1941 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Жарсу ауылында дүниеге келген. Қәдірбек Сегізбай қазақ жазушысы. Оның «Жап-жасыл әлем», «біз қалада тұрамыз» деген повестері бар.
4) Мәтіндегі жаңа сөздермен танысамыз.
Ақжелкен-аттың аты.
Жанторсық-теріден жасалған бұйым. Оның ішіне айран, құмыс құяды сонда олар ерімейді.
5) Бөліктермен оқу, талдау, сұрақ-жауап. Әр бөлікке ат қою.
1. Қошанның орманға баруы.
2. Қошанның мүйіз тауып алуы.
6)Сергіту сәті.
Тербелейді ағаштар,
Алдымнаң жел соғады.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
7) Тірек сызба.

Арқар

8) Жаңылтпаш.Арқабай Арқар атты
Арқабай, Арқарларды атқа
Арта алмай,
Шалқарбай Арқабайға,
Айғайлап жатты.
9) Балалар сендер қалай ойлайсыңдар арқар қандай үй жануарына ұқсайды (қошқарға). Венн диаграмма.

Арқар Қошқар

Біз бүгін не туралы оқыдық? Ол жануар қандай табиғатқа жатады? Сендер табиғатты қорғау үшін балаларға қандай тілек айтар едіндер? Сонымен балалар
Табиғат-адамның ежелден бергі тіршілік етіп, өмір сүріп келген ортасы және мәңгілік мекен ете беретін алтын бесігі.