Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыру және сурет бойынша әңгімені құрастыруға үйрету.
Сабақтың мiндеттерi: – оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
– оқушылардың сөздiк қорын байыту;
– оқушылардың өз отбасына сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: жеке карточкалар, компьютер арқылы басылған сөздік сөздер, суреттер.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдерi |
Мұғалiмнiң iс-әрекетi |
Оқушылардың iс-әрекетi |
1. Ұйымдастыру кезеңi. |
Сәлемдесу, отырғызу. |
|
2.Қызықтыру |
Үйім деген сөзге ассоциативтік қатар жазғызу (жеке жұмыс). |
Оқушылар өз бетінше 2 минут дәптерге үйім деген сөзге ассоциативтік қатар жазады. Мысалы: кең, жарық, керует, оң жақта, сол жақта және т.б. |
3.Мағынаны ажырату |
Жаңа сөздермен таныстыру: оқу; аудару; жеке, хормен қайталау; жай сөйлемдерді құрастыру. Сөздер: үш бөлмелі – трехкомнатная, дәліз – прихожая, кіре берісте – при входе, ұйықтайтын (жатын) бөлме – спальня, ас үй – кухня, қонақ бөлмесі – гостиная, балалар бөлмесі – детская, жуынатын бөлме – ванная комната, әжетхана – туалет, кілем – ковер, әшекейілген – украшена. Сұхбатты құрастыру. – Сенің мекен-жайың қандай? – Менің мекен-жайым 6 шағынаудан, 10 үй, 23 пәтер. – Пәтерің неше қабатты? – Пәтерім үш қабатты. – Кіре берісте не орналасқан? – Кіре берісте дәліз орналасқан. – Тағы қандай бөлмелер бар? – Ұйықтайтын бөлме, қонақ бөлмесі, балалар бөлмесі, ас үй, жуынатын бөлме мен әжетхана. – Сенің пәтерің қандай? – Менің пәтерім үлкен, жарық, таза, жылы. Жазбаша жұмысты дәптерге өз бетінше орындау. – Фонетикалық талдау жасау: пәтер. – Тәуелдеу: бөлме, ас үй. – Жіктеу: тұрғын, көрші. |
Оқушылар сөздерді оқиды, хормен қайталайды, сөйлемдерді құрастырады. Берілген сөздер және суреттер бойынша сұхбатты құрастыру (топпен жұмыс). |
4. Ой толғанысы |
Әр топ жасаған сұхбатты қорғайды. Оқушылар бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды. |
Әр топтан екі оқушы шығып, жасалған сұхбатты қорғайды. |
5. Үй жұмысын беру. |
Менің үйім деген сұрақ-жауапты жаттау. |
Күнделікке үй тапсырмасын жазады. |
6. Бағалау. |
Жазбаша жұмыстарын тексеріп, бағаны журналған қояды. |