Диктант «Қоршаған ортаны қорғау»

0
1239
химия

Сабақтың тақырыбы: Диктант «Қоршаған ортаны қорғау»

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

септіктерді пысықтау, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: септіктерді меңгеру, сауатты жазу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Септік жалғауларын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

Қиын сөздер: дүниежүзілік

Мәтін

Қоршаған ортаны қорғау

Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі өткір мәселелердің бірі. Ол – еліміздің болашағы, халықтың байлығы.

Бесінші маусым – Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні. Оның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау мәселесіне жұртшылықты шақыру. Ол мереке ретінде табиғатты қорғауға арналған. Келер ұрпаққа жасыл орман, мөлдір де таза өзен – көл мен таза ауа қалдыру – біздің қасиетті борышымыз. (50 сөз)

Тапсырма. Мәтіннен атау, ілік, барыс, табыс, жатыс септіктеріндегі зат есімдерді теріп жазу.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау

VІ. Бағалау бөлімі

Диктант жұмысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау