№ 6- сабақ
Тақырыбы: Бүтін көрсеткішті дәреже
Мақсаты:
• Бүтін көрсеткішті дәреже ұғымын таныстыру, оны есептер шығаруда, өрнектерді түрлендіруде қолдана білуге үйрету;
• Алған білімдерін есепті шығаруда тиімді қолдану біліктілігін қалыптастыру, әртүрлі жағдайда тиімді қолдана білуге дағдыландыру;
• Белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру
Сабақ жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Ауызша тапсырма. (Сандық кросворд шешу)
- Жаңа сабақ
- Жаңа сабақты бекіту
- Сабақты қорытындылау
- Үйге тапсырма.
- Бағалау.
САБАҚ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру бөлімі. Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №17(2,4),№19(1,3,5), (№32,№37(2).
ІІІ. Сандық кроссворд шешу :
IV. Жаңа сабақ.
Жаңа сабаққа қажетті ұғымдарды еске түсіретін қайталау сұрақтары қойылады.
Тақтаға жердің массасы 5,9761027, және сутегі атомының массасы 1,674•10-24 жазылады. Мұндағы 10 27 және 10-24 жазбаларындағы ұқсастықты, айырмашылықты анықтайық. 10-24 саны оң ба, теріс сан ба? Бұл жазу нені білдіреді? Осы сұрақтардың жауабын бүгін жаңа сабақты игеру барысында жауап беретін боламыз.
Оқулықтан 2- тапсырманы орындайық.
1) …1000, 100, 10, 1; (1, 1/10, 1/100, 1/1000…) екі сан қатары қандай заңдылыққа бағынады?
2) сан қатарындағы әрбір саны 10-ның дәрежесі түрінде жазайық:
…1000,100,10, 1, 1/10, 1/100,1/1000… … 103, 102, 101, 10°, 1/101, 1/102, 1/103..
3) санның орнына тек дәреже көрсеткішін жазайық
3, 2, 1, 0,…. қатарды жалғастыра отырып -1, -2, -3 т.с.с. сандарын аламыз.
4. Көршілес дәреже көрсеткіштерін салыстырайық. Келесі дәреже көрсеткіші алдыңғысынан бірге кем. 10° кейін : 1/101 = 10-1, 1/102 = 10-2… екенін көреміз
Сонда сан қатары мына түрде болады:
10-3, 10-2, 10-1, 10°, 101, 102, 103…
Сұрақ. Дәреже негізі ретінде кез келген сан алуға бола ма?
(Жауап: болады, тек 0-ден өзге сан)
Тұжырым . 0-ден өзге кез келген сан үшін an = l/a–n, a≠O. Теңдігі орындалады.
Демек 10-24 саны оң сан. (10-24= 1/1024). Бұдан дәреже көрсеткіші теріс сан болатын сан болатынына көз жеткіземіз.
Сұрақ : О-5 өрнегінің мәні бар ма?
Жауап : жоқ, себебі дәреже негізі 0-ден өзге сан.
V. Жаңа сабақты бекіту. 1) Тақтаға шығару:1)7-3 = , 2)(а + b)-4, 3) (ab)-8.
2) Оқулықтан есептер шығару №38, №40, №, 42, 45, №46 (тақ нөмірлері,)
VІ. Сабақты қорытындылау.
VІІ. Үйге тапсырма. №38,№40,№,42,45,№46(жұп )
VІІІ. Бағалау .