Математика 7 класс на казахском

Бүтін көрсеткішті дәреже

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

№ 6- сабақ

Тақырыбы: Бүтін көрсеткішті дәреже

Мақсаты:

• Бүтін көрсеткішті дәреже ұғымын таныстыру, оны есептер шығаруда, өрнектерді түрлендіруде қолдана білуге үйрету;

• Алған білімдерін есепті шығаруда тиімді қолдану біліктілігін қалыптастыру, әртүрлі жағдайда тиімді қолдана білуге дағдыландыру;

• Белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру

Сабақ жоспары:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Ауызша тапсырма. (Сандық кросворд шешу)
  2. Жаңа сабақ
  3. Жаңа сабақты бекіту
  4. Сабақты қорытындылау
  5. Үйге тапсырма.
  6. Бағалау.

САБАҚ БАРЫСЫ

І. Ұйымдастыру бөлімі. Сабақ мақсаты мен жоспарын хабарлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №17(2,4),№19(1,3,5), (№32,№37(2).

ІІІ. Сандық кроссворд шешу : http://festival.1september.ru/articles/525911/img1.gif

IV. Жаңа сабақ.

Жаңа сабаққа қажетті ұғымдарды еске түсіретін қайталау сұрақтары қойылады.

Тақтаға жердің массасы 5,9761027, және сутегі атомының массасы 1,674•10-24 жазылады. Мұндағы 10 27 және 10-24 жазбаларындағы ұқсастықты, айырмашылықты анықтайық. 10-24 саны оң ба, теріс сан ба? Бұл жазу нені білдіреді? Осы сұрақтардың жауабын бүгін жаңа сабақты игеру барысында жауап беретін боламыз.

Оқулықтан 2- тапсырманы орындайық.

1) …1000, 100, 10, 1; (1, 1/10, 1/100, 1/1000…) екі сан қатары қандай заңдылыққа бағынады?

2) сан қатарындағы әрбір саны 10-ның дәрежесі түрінде жазайық:

…1000,100,10, 1, 1/10, 1/100,1/1000… … 103, 102, 101, 10°, 1/101, 1/102, 1/103..

3) санның орнына тек дәреже көрсеткішін жазайық

3, 2, 1, 0,…. қатарды жалғастыра отырып -1, -2, -3 т.с.с. сандарын аламыз.

4. Көршілес дәреже көрсеткіштерін салыстырайық. Келесі дәреже көрсеткіші алдыңғысынан бірге кем. 10° кейін : 1/101 = 10-1, 1/102 = 10-2… екенін көреміз

Сонда сан қатары мына түрде болады:

10-3, 10-2, 10-1, 10°, 101, 102, 103…

Сұрақ. Дәреже негізі ретінде кез келген сан алуға бола ма?

(Жауап: болады, тек 0-ден өзге сан)

Тұжырым . 0-ден өзге кез келген сан үшін an = l/a–n, a≠O. Теңдігі орындалады.

Демек 10-24 саны оң сан. (10-24= 1/1024). Бұдан дәреже көрсеткіші теріс сан болатын сан болатынына көз жеткіземіз.

Сұрақ : О-5 өрнегінің мәні бар ма?

Жауап : жоқ, себебі дәреже негізі 0-ден өзге сан.

V. Жаңа сабақты бекіту. 1) Тақтаға шығару:1)7-3 = , 2)(а + b)-4, 3) (ab)-8.

2) Оқулықтан есептер шығару №38, №40, №, 42, 45, №46 (тақ нөмірлері,)

VІ. Сабақты қорытындылау.

VІІ. Үйге тапсырма. №38,№40,№,42,45,№46(жұп )

VІІІ. Бағалау .

 

Ещё уроки серии

Все 21 урок
  1. Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі
  2. Бірмүшені көпмүшеге көбейту.
  3. Бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттері.
  4. Екі өрнектіс квадраттарыныс айырымы.
  5. Екі өрнектіс қосындыларыныс квадраты. (2ші сабақ)
  6. Екі өрнектіс қосындыларыныс квадраты.
  7. Екі өрнектіс қосындысыныс және айырымыныс квадраты.
  8. Жаса қосымша мүшелер енгізу арқылы көпмүшені көбейткіштерге жіктеу.
  9. Көпмүше. Көпмүшелерді қосу және азайту.
  10. Көпмүшелер

Математика в 7 классе

Все предметы 7 класса