2санын қосу және азайту.

0
573
математика

37 Сабақ

Сабақ тақырыбы: 2санын қосу және азайту.

Сабақ мақсаты: ондықтан аттайтын жағдайларда 2 санын қосу мен азайту әдістерімен таныстыру.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: 2 санын қосу мен азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға

жетелеу,екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ әдіс-тәсілдері: түсіндіру,ауызша есептеу, сұрақ – жауап,талдау,өз бетінше жұмыс

Сабақ көрнекілігі: жолақшалар, оқулық, кесте

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Өткенді қайталау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ребус шешу.

Шешуі: екі

Санамақ.

Бір дегенім – бесік,

Шықтық содан өсіп.

Екі дегенім – елім,

Далам , тауым, көлім.

– Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы “2 санын қосу және азайту “.

№1. Түсіндірме мәтін.

№2. а)

Қайың – 20

Барлығы – ? ағаш

Жөке ағашы – 16

Шешуі: 20+16= 36

Жауабы: барлығы 36 ағаш өсіп тұр

ә)

Жөке ағашы – 16

36 ағаш өсіп тұр

Қайың – ?

Шешуі: 36 – 16 = 20

Жауабы: 20 қайың ағашы өсіп тұр

Сергіту сәті.

Бір , екі, үш,

Ал кәнеки, ұш.

Төрт, бес, алты,жеті,

Мынау ауыл шеті.

Сегіз, тоғыз, он,

Ал кәнеки, қон.

№3. Өрнекті жаз және мәнін тап:

1+ ( 1 + 9 ) = 11

( 11 – 1) – 8 = 2

2 + ( 10 – 1) = 11

( 11 – 2 ) – 7 = 2

№4. Теңдеулерді шеш:

а + 2 = 11 11 – а = 2 а – 2 = 9

а = 11 – 2 а = 11 – 2 а = 9 + 2

а = 9 а = 9 а = 11

9 + 2 = 11 11 – 9 = 2 11 – 2 = 9

11 = 11 2 = 2 9 = 9

Үйге тапсырма : №4 67- бет.

Қорытындылау:

Үш топқа әр түрлі геометриялық фигуралар таратылады ( шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш ) . Әр фигураның екінші бетінде мысалдар жазылған. Тапсырманы дұрыс орындаған топ өз фигураларын орналастырып, мысық, қоян, үйрек т.б. мүсіндер құрастырады.

Бағалау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь