Жазда. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.

0
782
география

Сабақтың тақырыбы: Жазда. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен

жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, терме диктант

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгеру, жаз туралы өз

ойын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Жазғы саяхат» тақырыбына әңгіме жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, сол бойынша терме диктантын жазыңдар.

Жазда

Биыл жаз өте ыстық емес, жаңбыр жиі жауып тұр. Егін, көкөніс, жеміс-жидек көп. Атам мен әжем ауылға кетті. Жазда ауылда жұмыс көп. Атам мен әжем ауылдағы балаларына көмектесуге кетті.

Грамматикалық тапсырма. Мәтіннен сөз тіркестерін теріп жазыңдар.

Ережемен жұмыс

Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі бар:

бастауыш сөйлемнің басында, баяндауыш сөйлемнің аяғында тұрады. Мысалы:

Біз жазда өзенге шомыламыз.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

2 – тапсырма.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь