Қазақ тілі 5 класс на казахском

Жаңбырлы күн. Жұрнақ пен жалғаулар.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Жаңбырлы күн. Жұрнақ пен жалғаулар.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

жұрнақ пен жалғауларды түсіндіру, сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік,

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: жұрнақ пен жалғауды меңгеру, күз мезгіліндегі ауа райы туралы өз

пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

4 – тапсырма

ІІІ. Жаңа сабақ

Сөздікпен жұмыс

бүгін – сегодня салқын – прохладный

кеше – вчера қатты – сильный

ертең – завтра нашар – плохой

1 – тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.

– Қазір қай жыл мезгілі?

– Қазір күз мезгілі.

– Бүгін ауа райы қандай?

– Бүгін ауа райы салқын.

2 – тапсырма. Мына сөздерден сөйлем құрастырыңдар.

өте, салқын, кеше, болды.

Ережемен жұмыс

Қазақ тілінің сөз құрамы түбір мен қосымшадан тұрады. Мысалы: жұмыс –шы-лар

Сөз құрамы: түбір + жұрнақ + жалғау

Сөздің бөлшектенбейтін бөлігі негізгі түбір деп аталады. Мысалы: көмек, т.б.

Негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғанса, ол туынды түбір деп аталады. Мысалы: көмек +ші, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

3-тапсырма

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Жаңа оқу жылы. Антоним.
  2. Жаңа жыл. Сын есім жұрнақтары.
  3. Кім не істейді? Етістік. Ауыспалы осы шақ
  4. Кім боламын. Келер шақ түрлері.
  5. Кім болғым келеді? Барыс септігі
  6. Кіріспе. Менің отбасым. Үндестік заңы.
  7. Күз кереметі. Жіктік жалғау.
  8. Күз. Сөз құрамы.
  9. Күшік пен мысық. Төл сөз.
  10. Көбейту кестесі. Болжалдық сан есім.

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса