Жануарлардың мінезі. Өздік есімдігі.

0
580
карта мира

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың мінезі. Өздік есімдігі.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

өздік есімдігін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: өздік есімдігін меңгеру, жануарлардың мінезі туралы өз ойларын

айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

2-3 – тапсырма.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Жануарлардың мінезі қандай? Ойлан тап.

2 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей.

1. Мен, сіздер, бұл, анау, қалай, қашан, өз, өзің есімдіктерімен сөйлем құрастырып, түрін

анықтаңдар.

2. Ит, мысық, үйрек, тауық, торай сөздеріне жіктеу есімдіктерін қосып, иелік форма

жасаңдар және үндестік заңын түсіндіріңдер.

ІІ деңгей.

1. Көп нүктенің орнына керекті есімдіктерді жазыңдар.

2. Жіктеу, сілтеу, сұрау, өздік есімдіктерімен сөйлем құрап жазыңдар.

І деңгей.

1. Тәуелдік, иелік жалғауларын қосып жазыңдар.

2. Есімдіктің қазақ тілі мен орыс тіліндегі жасалу жолдарын салыстырыңдар. Өз

ойларыңды айтыңдар.

Ережемен жұмыс

Өздік есімдіктері: өз, өзімен-өзі, өздері, өзің, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

2 – тапсырма (3 – тапсырма)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь