Қазақ тілі 5 класс на казахском

Жаңа оқу жылы. Антоним.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Жаңа оқу жылы. Антоним.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

антонимді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: антонимдерді меңгеру, жаңа оқу жылы жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

5-6 тапсырма.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Суреттер бойынша бірнеше сөйлем құраңдар.

2 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей.

1. Барлық тапсырмалардан синонимдер мен антонимдерді тауып, түсіндіріңдер.

2. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар, үндестік заңын түсіндіріңдер:

мұражайда, бұйымдар, құттықтады

ІІ деңгей.

1. Берілген сөздерге синоним мен антоним табыңдар.

2. Ас, кең аула сөздерін пайдаланып, сөйлемдер құраңдар.

І деңгей.

1. Қазақ тілінің лексикалық терминдері орыс тілінің лексикалық терминдеріне сәйкес

келе ме ? Өз ойларыңды айтыңдар.

Ережемен жұмыс

Антоним – мағыналары қарама-қарсы сөздер. Мысалы: кең-тар, бару-келу, қыс-жаз, соғыс-бейбітшілік, аз-көп, аласа-биік, қорқақ-батыр, дұшпан-дос, өтірік-шын, сүю-жек көру, жарық-қараңғы,т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

2- тапсырма

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Жануарлардың мекені. Жалпылау есімдігі.
  2. Жануарлардың мінезі. Өздік есімдігі.
  3. Жаңа жыл. Сын есім жұрнақтары.
  4. Жаңбырлы күн. Жұрнақ пен жалғаулар.
  5. Кім не істейді? Етістік. Ауыспалы осы шақ
  6. Кім боламын. Келер шақ түрлері.
  7. Кім болғым келеді? Барыс септігі
  8. Кіріспе. Менің отбасым. Үндестік заңы.
  9. Күз кереметі. Жіктік жалғау.
  10. Күз. Сөз құрамы.

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса