Қазақ тілі 5 класс на казахском

Жаз. Сөз тіркестері. Сөйлем.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Жаз. Сөз тіркестері. Сөйлем.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сөз тіркестері мен сөйлемді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға

үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, өлең оқу

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сөз тіркестері мен сөйлемді меңгеру, жаз туралы өз ойын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өтілген модульді қайталау, еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. «Жаз» өлеңінің мазмұнын оқып, жаттаңдар.

Жаз да келді пейілді: Жаз да келді, шаттанып,

Жан-жануар сейілді. Жұмыла іске аттанып,

Жаз да келді, аптапта Тындырып бар жұмысты,

Жан-жаққа ұшты бақбақ та. Тоя жедік жемісті.

Жаз да келді найқалып, ( Қ.Мырза Әли )

Жатыр егін жайқалып.

2 – тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.

– Қазір қай жыл мезгілі?

– Қазір жаз.

– Жаз айлары қандай?

– Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.

3 – тапсырма. Төмендегі сөздермен сөз тіркесін, кейін сөйлем құрастырыңдар.

Ережемен жұмыс

Сөз тіркесі: жазғы күн, балық аулау

Аяқталған ойды білдіретін сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем дейміз. Мысалы: Балалар жазда балық аулайды. Жазғы күн қандай тамаша!

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма («Жаз» өлеңін жаттау).

Жазға байланысты сөйлемдер құрау.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Достықты бағалай біл. Етістіктің жіктелуі
  2. Екі дос.
  3. Жазда. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
  4. Жазғы еңбек. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
  5. Жазғы саяхат. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
  6. Жазғы табиғат. Сөз тіркестері. Сөйлем.
  7. Жануарлардың мекені. Жалпылау есімдігі.
  8. Жануарлардың мінезі. Өздік есімдігі.
  9. Жаңа оқу жылы. Антоним.
  10. Жаңа жыл. Сын есім жұрнақтары.

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса