Қазақ тілі 5 класс на казахском

Достықты бағалай біл. Етістіктің жіктелуі

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Достықты бағалай біл. Етістіктің жіктелуі

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

етістіктің жіктелуін түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге

үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, достарын сыйлауға,

достыққа адал болуға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: етістіктің жіктелуін меңгеру, өз досы жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

4-тапсырманы тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. «Інімнің досы» мәтінін оқып, мазмұнын айту.

2-тапсырма. Берілген кеңестерді аударып, мағынасын түсіндіру.

4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіру.

5-тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар

ІІІ деңгей.

1. Көптік жалғауларын атап, мысал келтіріңдер.

2. «Досымның мінезі» тақырыбына 4 сөйлем құрап жазыңдар.

ІІ деңгей.

1. Сөздің соңғы дыбысына байланысты, көптік жалғауларының жалғануын түсіндіріңдер.

2. Досыңмен кинотеатрға барғаныңды айтып беріңдер.

І деңгей

1. Қазақ тіліндегі көптік жалғаулардың орыс тіліндегі окончания множественного числа категориясынан қандай айырмашылықтары барын көрсетіңдер. Мысал келтіріңдер.

Ережемен жұмыс

Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз табы етістік деп аталады. Сұрақтары: не істеді? қайтті?

Жіктік жалғауы

Жекеше

І жақ. –мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін : оқушымын, дәрігермін, айтамын

ІІ жақ. –сың, -сің : оқушысың, дәрігерсің, айтасың

– сыз, – сіз: оқушысыз, дәрігерсіз, айтасыз

ІІІ жақ. –ды, -ді, -ты, -ті: оқушы, дәрігер, айтады

Көпше

І жақ. –мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз: оқушымыз, дәрігерміз, айтамыз

ІІ жақ. – сыңдар, -сіңдер: оқушысыңдар, дәрігерсіңдер, айтасыңдар

сыздар, – сіздер: оқушысыздар, дәрігерсіздер, айтасыздар

ІІІ жақ. –ды, -ді, -ты, -ті: оқушылар, дәрігерлер, айтады

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

3-4 тапсырманы орындау

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Диктант «Қоршаған ортаны қорғау»
  2. Диктант «Ұлылар елі»
  3. Екі дос.
  4. Жаз. Сөз тіркестері. Сөйлем.
  5. Жазда. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
  6. Жазғы еңбек. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
  7. Жазғы саяхат. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
  8. Жазғы табиғат. Сөз тіркестері. Сөйлем.
  9. Жануарлардың мекені. Жалпылау есімдігі.
  10. Жануарлардың мінезі. Өздік есімдігі.

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса