Жаңбырлы күн. Жұрнақ пен жалғаулар.

0
697
познание мира

Сабақтың тақырыбы: Жаңбырлы күн. Жұрнақ пен жалғаулар.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

жұрнақ пен жалғауларды түсіндіру, сауатты жазуға және

сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік,

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: жұрнақ пен жалғауды меңгеру, күз мезгіліндегі ауа райы туралы өз

пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

4 – тапсырма

ІІІ. Жаңа сабақ

Сөздікпен жұмыс

бүгін – сегодня салқын – прохладный

кеше – вчера қатты – сильный

ертең – завтра нашар – плохой

1 – тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер.

– Қазір қай жыл мезгілі?

– Қазір күз мезгілі.

– Бүгін ауа райы қандай?

– Бүгін ауа райы салқын.

2 – тапсырма. Мына сөздерден сөйлем құрастырыңдар.

өте, салқын, кеше, болды.

Ережемен жұмыс

Қазақ тілінің сөз құрамы түбір мен қосымшадан тұрады. Мысалы: жұмыс –шы-лар

Сөз құрамы: түбір + жұрнақ + жалғау

Сөздің бөлшектенбейтін бөлігі негізгі түбір деп аталады. Мысалы: көмек, т.б.

Негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғанса, ол туынды түбір деп аталады. Мысалы: көмек +ші, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

3-тапсырма

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау