Қазақ тілі 5 класс на казахском

Күз. Сөз құрамы.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Күз. Сөз құрамы.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сөз құрамын түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, кесте

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сөз құрамын меңгеру, күз мезгілі туралы өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ережені жатқа сұрау. «Күз» тақырыбында жазған әңгімелерін еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Мәтінді оқып, қай жыл мезгіліндегі серуен екенін анықтаңдар.

2 – тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

3 – тапсырма. Кесте бойынша сөйлем құраңдар.

Жыл мезгілі

Айлар

Күндер

Түндер

Ауа райы

күз

қыркүйек, қазан,қараша

ұзарады

қысқарады

күн салқын, ауа дымқыл, аспан бұлтты, жаңбыр жиі жауады

4 – тапсырма. Мына сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды түбір сөздер жасап

жазыңдар.

Ережемен жұмыс

Қазақ тілінің сөз құрамы түбір мен қосымшадан тұрады. Мысалы: жұмыс –шы-лар

Сөз құрамы: түбір + жұрнақ + жалғау

Сөздің бөлшектенбейтін бөлігі негізгі түбір деп аталады. Мысалы: көмек, т.б.

Негізгі түбірге сөз тудырушы жұрнақ жалғанса, ол туынды түбір деп аталады. Мысалы: көмек +ші, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

«Күз мейрамдары» тақырыбында әңгіме жазу. 5 – тапсырма.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Кіріспе. Менің отбасым. Үндестік заңы.
  2. Күз кереметі. Жіктік жалғау.
  3. Күшік пен мысық. Төл сөз.
  4. Көбейту кестесі. Болжалдық сан есім.
  5. Көйлекті маған кім берді? Етістік.
  6. Көктем табиғаты. Мезгіл, мекен үстеу.
  7. Көктем. Үстеу және оның құрамдық түрлері.
  8. Көктемгі еңбек. Сын – қимыл үстеуі.
  9. Көктемде. Мөлшер үстеу.
  10. Көкөкністер мен жемістер. Түбір және қосымша.

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса