Кім болғым келеді? Барыс септігі

0
687
информатика

Сабақтың тақырыбы: Кім болғым келеді? Барыс септігі

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

барыс септігін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс, өлең оқу

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: келер шақты меңгеру, мамандық иелері туралы өз ойларын айта

білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

3 – тапсырма («Бұл кімдер?» өлеңін жаттау)

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

– Сенің әкеңнің мамандығы қандай?

– Менің әкем – … . Ал сенің әкеңнің ше?

– Менің әкем – … .

– Сенің шешеңнің мамандығы қандай?

– Менің шешем – … .

2 – тапсырма. Үлгі бойынша келер шақта шағын әңгіме құраңдар.

… болуды армандаймын.

Мен … болғанды қалаймын.

… болғым келеді.

3 – тапсырма. «Атамның батасы» өлеңін мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіріңдер.

Етістіктің шақтарын анықтаңдар.

Ережемен жұмыс

Барыс септігі

Сұрақтары: кімге? Неге? Қайда?

Жалғаулары: -ға,-ге, қа,-ке, -а, -е

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

3 – тапсырма («Атамның батасы» өлеңін жаттау).

«Білімді маман болу үшін не істеу керек?» тақырыбына кеңес жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау