Заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру. Бірдей. Әртүрлі.

0
4602
биология

Сабақтың тақырыбы: Заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру.

Бірдей. Әртүрлі.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Заттарды ұзындығы, түсі, пішіні бойынша салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру.

3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ -жауап

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі

Сабақтың көрнекіліктері: текше, сызғыш, ағаштардың суреттері.

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Екі көз не үшін керек?

-Жақсыларды көру үшін керек.

-Екі құлақ не үшін керек?

-Ақыл -кеңес тыңдау үшін керек.

-Екі қол не үшін керек?

– Елге көмек жасау үшін керек.

-Екі аяқ не үшін керек?

-Туған жерге жету үшін керек.

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

1-ден 10-ға дейінгі ауызша санау жаттығулары (1-ден 5-ке дейін,6-дан 10-ға дейін, 3-тен 9-ға дейін, т.б.санау); әр қатардағы парталарды санау; «Эстафета» түріндегі ойындарды ұйымдастыру.

IІІ. Жаңа материалмен таныстыру

Жаңа материалды оқып -үйренуге дайындық жұмыс ретінде практикалық жұмыс ұйымдастырылады. Сөреге біртіндеп санай отырып, бір түстегі екі кішкентай текше және басқа түстегі үлкен бір текше қойылады: «Мына текшелерді солдан оңға қарай, оңнан соға қарай санандар. Бұл ойыншықтар туралы не айталасындар?»

Ары қарай үлестірмелі материалмен жұмыс жүргізіледі.

Шаршы, үшбұрыш, дөңгелек – геометриялық фигуралармен жұмыс. Содан соң оқушылар геометриялық фигураларды салыстырады.

Осы материалмен санау және фигураларды топтастыруға ұйымдастыруға болады. Фигураларды мөлшері бойынша, содан соң түсі бойынша екі топқа бөлуді ұсынады.

Оқушылар осы сабақтан заттарды биіктігі, ұзындығы, ені, т.б. бойынша салыстырады (мұғалім мен оқушының бойы, үзілген жіптердің ұзындықтары, партаның биіктігі, қуыршақтардың мөлшері).

V. Оқулықпен жұмыс. №1 суреттің көмегімен түрлі белгілері бойынша (ұзындығы,түсі,пішіні) әр топтағы сурет салыстырылады және нәтижесі мына сөздермен айтылады: түсі, мөлшері, биіктігі, ені бойынша бірдей немесе әртүрлі. «Хайуанаттар бағында жөндеу жұмысы жүргізіледі. Сырлаушылар торды сырлады. Енді аңдарды өз торларына орналастыру керек. Түлкіні қай торға орналастырамыз? Неге? Түлкі мен оның торын көрсет т.б.»

№1 тапсырманы орындау кезінде белгілері бойынша (биік-аласа, үлкен -кіші) салыстыру жұмысы жүргізілсе, №2 тапсырмада автомобильдің ұсақ бөлшектері салыстырылады. Бұл тапсырма балалардың бақылағыштығын, зейінін дамытуға бағытталған.

№3 тапсырмада заттардың массасы туралы қарапайым тұрмыстық түсініктері анықталады: «Үлкен зат -ауыр зат, кішкентай зат-жеңіл». Мұғалім массасы бойынша салыстыруға болатын, сөйлем құрап айтуға ыңғайлы заттарды атауды сұрайды. Мұғалім оларға көмек ретінде массасы бойынша салыстыруға болатын мысалдарды келтіреді. Мынадай ойын түрлерін ұйымдастыруға болады: «Сенің портфелиндегі заттар қандай материалдан жасалған?», «Жұбын тап», «Не өзгерді?», т.б. (ойындарға берілген нұсқауды қараңыз).

VI.Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатыр жұмысқа

Допты алды қолына

Допты қойыды жолына

Оңға қарады, солға қарады

Үлекен тау деп ойлады.

VII.Дәптермен жұмыс 9-10 бет

№1 тапсырма алғашқы бекіту жұмысына арналған. Бұл жаттығуларды орындауда балалар берілген тапсырма бойынша ағаштарды ажырата білуі маңызды: «Теректі көрсет. Қайыңды көрсет. Ағаштардың арасынан емен ағашын көрсет. Қайың, емен,теректің жапырақтарын көрсет және оларды ағаштармен сызық арқылы қос».

№2 тапсырма бойынша мұғалім 4 ұяшықтан тұратын 4 кестені қарауды ұсынады:

-Оң жақтағы жоғарғы ұяшықта жұлдызша, сол жақта күн бейнеленген. Оң жақтағы төменгі ұяшықта ненің суреті салынған? Сол жақтағы төменгі ұяшықта ше? Кестенің ұяшығындағы суреттер бірдей болатындай етіп ,қарындашпен суреттерін сал.

№3 тапсырма графикалық дағдыларын қалыптастыру үшін берілген.

Өздік жұмыс үшін №4 тапсырманы ұсынуға болады.

Балалар сәйкес жіпті иненің көзіне «өткізеді». Балалардан өздерінің таңдауларын әрекеттерін түсіндірулерін міндетті түрде сұрау керек.

VIIІ.Сабақтың қорытындысы.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Қандай тапсырма сендерге ұнады?

-Қандай тапсырма қиын болды?

ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.