Уақыт өлшемдері. Топтау сан есім.

0
1002
физика

Сабақтың тақырыбы: Уақыт өлшемдері. Топтау сан есім.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сан есім мен топтау сан есімді түсіндіру, сауатты сөйлеу

мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: топтау сан есімді меңгеру, уақыт өлшемдерін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

4-5 – тапсырма.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. «Уақыт өлшемдері» мәтіні бойынша топтық жұмыс

Мәтінді оқиды

Мәтін бойынша сұрақ құрайды

Мәтінді мазмұндайды

Мәтіндегі тірек сөздерді табады

2 – тапсырма. Төмендегі топтау сан есімдерімен сөйлем құраңдар.

3 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей

1. Мәтінді оқып, аударыңдар.

2. Сан есім деген не?

ІІ деңгей

1. Мәтін бойынша сұрақ құраңдар.

2. Сан есімнің құрамдық түрлерін айтыңдар, мысал келтіріңдер.

І деңгей

1. «Уақыт» тақырыбында неге сан есімдерді пайдаланамыз. Өз ойларыңды айтыңдар.

2. Мәтінде берілген сан есімдерді әр түрлі топта түрлендіріңдер.

Ережемен жұмыс

Сан есім – заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы. Сұрағы: қанша? неше?

Топтау сан есімі: бір-бірден, он-оннан, т.б. Сұрақтары: қаншадан? Нешеден?

Шығыс септік жалғауын жалғау арқылы жасалады.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

3 – тапсырма (әр деңгейдің 3 тапсырмасы)

VІ. Бағалау бөлімі Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау