Қазақ тілі 5 класс на казахском

Уақыт өлшемдері. Топтау сан есім.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Уақыт өлшемдері. Топтау сан есім.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сан есім мен топтау сан есімді түсіндіру, сауатты сөйлеу

мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: топтау сан есімді меңгеру, уақыт өлшемдерін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

4-5 – тапсырма.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. «Уақыт өлшемдері» мәтіні бойынша топтық жұмыс

Мәтінді оқиды

Мәтін бойынша сұрақ құрайды

Мәтінді мазмұндайды

Мәтіндегі тірек сөздерді табады

2 – тапсырма. Төмендегі топтау сан есімдерімен сөйлем құраңдар.

3 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей

1. Мәтінді оқып, аударыңдар.

2. Сан есім деген не?

ІІ деңгей

1. Мәтін бойынша сұрақ құраңдар.

2. Сан есімнің құрамдық түрлерін айтыңдар, мысал келтіріңдер.

І деңгей

1. «Уақыт» тақырыбында неге сан есімдерді пайдаланамыз. Өз ойларыңды айтыңдар.

2. Мәтінде берілген сан есімдерді әр түрлі топта түрлендіріңдер.

Ережемен жұмыс

Сан есім – заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы. Сұрағы: қанша? неше?

Топтау сан есімі: бір-бірден, он-оннан, т.б. Сұрақтары: қаншадан? Нешеден?

Шығыс септік жалғауын жалғау арқылы жасалады.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

3 – тапсырма (әр деңгейдің 3 тапсырмасы)

VІ. Бағалау бөлімі Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Төрт түліктің пайдасы. Сілтеу есімдігі.
  2. Уақыт алтыннан қымбат. Болжалдық сан есім.
  3. Уақыт. Сан есім, құрамдық түрлері.
  4. Хайуанаттар бағында. Сұрау есімдігі.
  5. Ханталапай ойыны. Етістіктің жіктелуі.
  6. Шығарма «Кім болғым келеді?»
  7. Шығарма «Менің қиялымдағы қала»
  8. Шығарма «Менің сүйікті жануарым»
  9. Шығарма «Менің отбасым»
  10. Шығарма «Салауатты өмір салты»

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса