Сабақтың тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойыны. Етістік, құрамдық түрлері.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
етістіктің құрамдық түрлерін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға
үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, тоғызқұмалақ тақтасы
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: етістіктердің құрамдық түрлерін меңгеру, тоғызқұмалақ ойыны
туралы өз ойларын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
2-тапсырма («Ханталапай» ойыны мәтінін мазмұндау). 3 –тапсырма.
ІІІ. Жаңа сабақ
2 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
ІІІ деңгей.
1. «Ханталапай» мәтінінен 3 етістікті тауып, жіктеп жазыңдар.
2. «Ханталапай» мәтінінен 5 сөйлем теріп жазып, баяндауыштарына сұрақ қойыңдар.
3. Сурет бойынша сөйлемдер құраңдар.
ІІ деңгей.
Тимейді, қозғайды, соғады етістіктерін жіктеп жазыңдар. Олармен сөйлемдер
құраңдар.
«Тоғызқұмалақ» мәтінінен 1 сөйлемді аударып, баяндауышқа сұрақ қойыңдар.
Сурет бойынша әңгіме құраңдар.
І деңгей.
«Тоғызқұмалақ» мәтінінен 3 етістікті аударып, морфологиялық талдау жасаңдар.
Етістіктің қазақ тілі мен орыс тіліндегі айырмашылықтарын көрсетіңдер.
Басқа халықтардың ұлттық ойындарымен қазақтың ұлттық ойындарын салыстырыңдар.
Ережемен жұмыс
Етістік құрамына қарай екі түрге бөлінеді: 1. дара: жазды 2. күрделі: жазып отыр
Етістік тұлғасына қарай екі түрге бөлінеді: 1. негізгі: жазды 2. туынды: аяқта
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
1 – тапсырма («Игра «Тоғызқұмалақ» мәтінін қазақ тіліне аудару).
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау