Қазақ тілі 5 класс на казахском

Тырна. Үстеу бойынша қайталау.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Тырна. Үстеу бойынша қайталау.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

үстеу бойынша қайталау, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, суретпен жұмыс, венн диагр.

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: үстеуді меңгеру, тырна туралы өз ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырма («Құстар – біздің досымыз» мәтінін мазмұндау).

Құстар туралы мақал-мәтелдер жазу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. «Тырна» мәтіні бойынша топтық жұмыс.

Мәтінді оқиды.

Мәтін бойынша сұрақ құрайды.

Мәтінді мазмұндайды.

Мәтіндегі қиын және тірек сөздерді табады.

Мәтіннен үстеулерді табады.

2 – тапсырма. Берілген суреттерге қарай отырып, үстеулерді қатыстырып,

сөйлем құраңдар.

3 – тапсырма. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтай отырып, берілген сөйлемді

жазыңдар.

Ережемен жұмыс

Үстеу – заттың, қимылдың жай-күйін, мезгілін, т.б. білдіретін сөз табы.

Мақсат үстеу – іс-қимылдың мақсатын көрсететін үстеудің түрі. Мысалы: әдейі, қасақана, жорта, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Венн диаграммасы

Аққу Ұқсастығы Тырна

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма («Тырна» мәтінін мазмұндау).

«Менің сүйікті құсым» тақырыбына шағын әңгіме жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Тоқсандық және жылдық қайталау.
  2. Тоқсандық қайталау.
  3. Тіл туралы мақал-мәтелдер. Бітеу буын.
  4. Тіл дамыту.
  5. Тіл дамытуға арналған жинағы
  6. Тіл дамытуға арналған жинақтары
  7. Тәуелсіздікке- 25 жыл!
  8. Төрт түліктің пайдасы. Есімдік.
  9. Төрт түліктің пайдасы. Сілтеу есімдігі.
  10. Уақыт алтыннан қымбат. Болжалдық сан есім.

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса