Қазақ тілі 5 класс на казахском

Тоғызқұмалақ ойыны. Етістік, құрамдық түрлері.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойыны. Етістік, құрамдық түрлері.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

етістіктің құрамдық түрлерін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға

үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, тоғызқұмалақ тақтасы

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: етістіктердің құрамдық түрлерін меңгеру, тоғызқұмалақ ойыны

туралы өз ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

2-тапсырма («Ханталапай» ойыны мәтінін мазмұндау). 3 –тапсырма.

ІІІ. Жаңа сабақ

2 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей.

1. «Ханталапай» мәтінінен 3 етістікті тауып, жіктеп жазыңдар.

2. «Ханталапай» мәтінінен 5 сөйлем теріп жазып, баяндауыштарына сұрақ қойыңдар.

3. Сурет бойынша сөйлемдер құраңдар.

ІІ деңгей.

Тимейді, қозғайды, соғады етістіктерін жіктеп жазыңдар. Олармен сөйлемдер

құраңдар.

«Тоғызқұмалақ» мәтінінен 1 сөйлемді аударып, баяндауышқа сұрақ қойыңдар.

Сурет бойынша әңгіме құраңдар.

І деңгей.

«Тоғызқұмалақ» мәтінінен 3 етістікті аударып, морфологиялық талдау жасаңдар.

Етістіктің қазақ тілі мен орыс тіліндегі айырмашылықтарын көрсетіңдер.

Басқа халықтардың ұлттық ойындарымен қазақтың ұлттық ойындарын салыстырыңдар.

Ережемен жұмыс

Етістік құрамына қарай екі түрге бөлінеді: 1. дара: жазды 2. күрделі: жазып отыр

Етістік тұлғасына қарай екі түрге бөлінеді: 1. негізгі: жазды 2. туынды: аяқта

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма («Игра «Тоғызқұмалақ» мәтінін қазақ тіліне аудару).

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Таңғы, түскі, кешкі тамақ. Дауыссыз дыбыстар.
  2. Торғай. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
  3. Тоқсандық және жылдық қайталау.
  4. Тоқсандық қайталау.
  5. Тырна. Үстеу бойынша қайталау.
  6. Тіл туралы мақал-мәтелдер. Бітеу буын.
  7. Тіл дамыту.
  8. Тіл дамытуға арналған жинағы
  9. Тіл дамытуға арналған жинақтары
  10. Тәуелсіздікке- 25 жыл!

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса