Математика 1 класс на казахском

Теңдік. Теңсіздік

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

26-шы сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Теңдік. Теңсіздік

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: «Теңдік», «теңсіздік» туралы түсінктерін қалыптастыру және сәйкес терминдермен таныстыру.

2.Дамытушылық: Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой өрісін дамыту.

3.Тәрбиелік: Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сайыс

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық дайындық

Математика, достарым

Ең маңызды, керекті.

Қатал да нақты пәніміз.

Ол – қызықты, сүйікті

Математика пәніміз.

ІІІ.Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша жұмыс

IV. Жаңа материалмен таныстыру.

№1 3 > 2 2<2+2 -бұл теңсіздіктер

3= 3 3=4-1 -бұл теңдіктер

Мұғалім баларға дөңгелектердің санын салыстыруды, сәйкес салыстыру таңбалары қолданылған жазуды оқуды ұсынады және «теңсіздік», түсінігімен таныстырады.

Осы тапсырманың екінші қатарындағы « =» таңбасымен жазылған жазуды оқиды.

Мұғалім мұндай жазулардың теңдік деп аталатынын түсіндіреді.

V.Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі №1 38 бет, тапсырманы алғашқы бекіту жұмысы ретінде қолдануға болады.

Суретпен оның астындағы оған сәйкес жазуды қарастырып, салыстыру таңбасын таңдайтын, таңдау себебін түсіндіреді.

№2 – 45 бет. тақтада да, дәптерде де орындауды қажет етеді ( дәптерде ол үшін арнайы орын бөлінген ).

4*3 3*4 4*2+1

1*3 3*1 3*2+2

2* 3 3*2 2*4 -2

VІ.Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Осып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

VІІ.Дәптермен жұмыс. Оқулықтағы №3 -45 бет дәптерге орындау

3 * 3 -1 3+1*3

2*2 +2 4-1 * 4

4*4 -2 1+3 *1

Өздік жұмыс №4 фигураларды боя.

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

 

Ещё уроки серии

Все 47 уроков
  1. Реттік санау. Нешінші?
  2. Сынық сызықтың ұзындығы
  3. Түзу, қисық сызық. Тұйықталған, тұйықталмаған қисық сызықтар.
  4. Уақыт туралы түсінік.
  5. Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру.
  6. Қосу амалындағы сандардың атаулары.
  7. Қосу және азайту амалдарының өзара байланысы. 2,5 сандарының құрамы.
  8. Қосу, азайту таңбалары. Өрнек.
  9. Қосындыны,қалдықты табуға берілген есептерді шығаруға дайындық.
  10. Үлкен -кіші. Жуан -жіңішке. Қалың -жұқа.

Математика в 1 классе

Все предметы 1 класса