Түзу, қисық сызық. Тұйықталған, тұйықталмаған қисық сызықтар.

0
6443
Казахстан

10-шы сабақ

Сабақтың тақырыбы: Түзу, қисық сызық. Тұйықталған, тұйықталмаған қисық сызықтар.

Сабақтың мақсаты: 1. Cызықтың түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру; сызықтарды ажырата білуге үйрету.

2.Оқушыларды математикалық терминдермен таныстыру. Толық жауап беру дағдыларын қалыптастыру.

3.Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: аралас

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың көрнекіліктері: суреттер, геометриялық фигуралар

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Күн, ауа, жер, су, аспан

Маған, саған, біздерге

Бақыт,махаббат, жақсылық тілейміз.

-Біз бүгін математика сабағында «Геометриялар елі» деп аталатын фигуралардың сиқырлы патшалығына тап болдық. Бұл елде ерекше тұрғындар өмір сүреді. Ал олардың қандай екенін бүгінгі сабақта білетін боласыңдар. саяхатшылар жолға әрқашан да мұқият дайындалады. Қазір сендердің жолға дайындықтарынды тексереміз.

«Жұмылған көзіңмен тап» ойыны. Мұғалім оқу құралдарын атап оларды көрсетулерін сұрайды. Оқушылар көздерін жұмған күйі аталған затты тауып, оны көрсетеді.

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Көрсетілген белгісі бойынша заттарды салыстыру дағдыларын бекіту үшін мұғалім «Сөйлемді жалғастыр », «Артық фигураны тап», «Фигураны анықта», «Жұбын тап», т.б. ойын жаттығуларын ұйымдастыруына болады (ойындарға берілген нұсқауды қараңыз ).

IІІ. Жаңа материалмен жұмыс.

Жаңа сабақты практикалық жұмыстан бастаған жөн:

-Менің қолымда екі ұшынан шарғыға оралған жіп бар. 2 шарғыдан жіпті екі жаққа тарқатамын. Жіпті қатты тартайық. Қандай сызық алдық? Жіпті екі жақ бағытта да әлі тарқата беруге бола ма? Жіппен сызықтың қандай айырмашы-лығы бар? Егер жіпті босатсақ, онда ол қисық сызыққа ұқсас болып шығады. Сөйлемді аяқтандар: «Сызықтың басы да ,… . Ол – …».

ІV. Оқулықпен жұмыс .

№1 тапсырма жаңа тақырыпты түсіндіруге арналған .

-Сендер Геометрия елінің маңызды тұрғындары – сызықтармен танысасындар. Сызықтар түзу және қисық болады. Қалай ойлайсыңдар, суреттегі сызықтардың қайсысы түзу, қайсысы қисық? Түзу және қисық сызықтар сызындар. Оқушылар мұғалімнің тапсырмасын бір бет қағазға орындап көреді.

V. Жаңа сабақты бекіту.

№2 тапсырманы орындау кезінде оқушылардың назарын түзу жолдың ең қысқа жол екеніне аудару керек. №3 тапсырмадағы сурет бойынша оқушылар сызық түрлерін атайды.

VІ. Логикалық тапсырма .


№4 тапсырма логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған. Бұл тапсырманың шешуінің бірнеше нұсқасы бар екенін оқушыларға байқатудың маңызы зор. Оқушылар қай фигураның артық екенін анықтап, өз шешімдерін дәлелдейді. Фигураларды түсі, пішіні, мөлшері бойынша салыстыруға болады.

VІІ.Сергіту сәті

Қорбандаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп -теріп алайық

Қалтамызға салайық.

VIІІ.Дәптермен жұмыс 17-18 бет

№1 тапсырма бойынша сызықтарды түсті қарындашпен бастырып, фигураларды дұрыс айтуға үйренеді.

№2 тапсырманы мұғалім оқиды, балалар керекті фигураны тауып, оны бояйды.

№3 тапсырма шығармашылық тапсырма болып саналады. Алдымен кестеге талдау жұмысы жүргізіледі. Неше баған, неше қатар барын анықтайды. Салынған фигуралардың атын атайды, олардың қасиеттері – пішіні, мөлшері, түсі анықталады. Ары қарай олардың баған, қатар бойынша орналасу реті талқыланады. Содан кейін ғана жетпей тұрған фигураны табады. Мұғалім осылайша балаларды талдауға, пайымдауға, пікірін дәлелдеуге үйретеді.

ІХ.Сабақты қорытындылау.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?

Х. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь