Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру.

0
1740
метод печати

13-ші сабақ

Сабақтың тақырыбы: Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Геометриялық фигураларды тани білу дағдыларын қалыптастыру;

2.Дамытушылық: Фигураларды бөліктерге бөле алуға және құрастыра білуге үйрету.

3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: өткенді қайталау, ауызша, жазбаша жұмыстар жүргізу

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың көрнекіліктері: геометриялық фигуралар, магниттік сандар

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уықтар боп иіліп,

Киіз үйді құрамыз.

ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша жаттығуларға геометриялық фигуралар туралы білімдерін бекітуге арналған жаттығулар мен ойындарды енгізуге болады («Менің не ойлағанымды тап»).

Тақтада кесінді, шаршы, дөңгелек, түзу сызық, қисық сызық бейнеленген. Мұғалім бір фигураны сипаттайды, оқушылар оның қандай фигура екенін табады. Мысалы:

-Мен үшбұрышы бар бір фигураны ойладым. Мен қандай фигураны ойладым?, т.б. Есептік санауға, тура ,кері бағытта санауға берілген жаттығулар орындау маңызды. «Не өзгерді?» деген сияқты ойындарды ойнатуға болады (заттардың орнын, түсін, мөлшерін өзгерту, заттардың санын арттыру немесе кеміту).

ІV. Жаңа материалмен таныстыру.

Практикалық жұмыстан бастауға болады. Мұғалім балаларға өздеріне таныс екі фигураны көрсетеді: мысалы: шаршы мен үшбұрыш. Фигураның қалай аталатынын, оның түсін, мөлшерін, т.б. нақтылайды. Содан кейін алдын ала белгіленген сызық бойынша фигуралардың бірін балалар жеңіл ажырата алатын шаршы, үшбұрыш сияқты бірнеше бөлікке бөледі. Жаңа неше фигура пайда болғанын, олардың қалай аталатынын сұрайды. Ары қарай осы жаңа пайда болған фигуралардан қайтадан алғашқы фигураны құрастыруға болатынын балалар анықтайды. Практикалық жұмыс магнитті тақтада көрсетіледі. Екінші фигурамен де осындай жұмыс жүргізіледі. Фигураларды еркін түрде бөліктерге бөліп, жинап алу сияқты жұмыстарды қайталау.

V.Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар оқулық бойынша практикалық жұмысты (№2 тапсырма) орындайды:

– Адамның денесі қандай фигуралардан құрастырылған?

-Неше дөңгелек бар? Неше үшбұрыш?

-Кран қандай фигуралардан құрастырылған? Неше шаршы? Неше төртбұрыш? Үшбұрыштар ше?»

VІ.Сергіту сәті

Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз

Түлкі болып қашамыз, қашамыз

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп

Орнымызға қонамыз.

VІІ.Дәптермен жұмыс 21-22 бет

№1 тапсырма жаңа сабақты тереңірек меңгеруге арналған. Оқушылар көрсетілген фигураны құрастыруға болатын бөлікті бірнеше бөліктердің арасынан табады. Тиісті бөліктерді тапқаннан кейін көрсетілген фигурамен бірге бір түспен бояйды.

№2 тапсырма бұрыңғы алған білімдерін еске түсіруге және графикалық дағдыларын арттыруға арналған.

№3 тапсырманы орындамас бұрын денелердің неше геометриялық фигуралардан құрастырылып тұрғанын санайды.

VIIІ. Сабақты қорытындылау.

ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.