Математика 1 класс на казахском

Үлкен -кіші. Жуан -жіңішке. Қалың -жұқа.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Үлкен -кіші. Жуан -жіңішке. Қалың -жұқа.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: «Жуан -жіңішке», «үлкен -кіші», «қалың -жұқа» ұғымдарымен таныстыру.

2.Дамытушылық: Көрсетілген белгілері бойынша заттарды салыстыру дағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: жаңа сабақты түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

«Күлімде ,күн, күлімде!

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!»

Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша есептеуге әртүрлі белгілері бойынша заттарды салыстыруға арналған жаттығуларды орындауға болады. «Неше рет?», «Пойыз құрастырайық», «Эстафета», «Зейін сал» сияқты ойындарын ұйымдастыру.

IІІ. Жаңа материалмен жұмыс.

Жаңа материалмен таныстыруды ауызша жаттығулардан бастауға болады: «Бірінші мен екінші, екінші мен үшінші кітаптарды салыстыр», оқушылар бірінші кітаптың екіншіге қарағанда қалың, үшінші кітаптың екіншіге қарағанда жұқа екенін айтады. Мұғалім мен оқушының бойы, жолақтардың ұзындықтары, сымдардың жуандығы, қуыршақтардың, ағаштардың биіктіктері салыстырылады.

Мұғалім «Керісінше» ойынын жүргізеді.

ІV. Оқулықпен жұмыс . №1 суретпен жұмыс істей отырып, оқушылар заттарды қалыңдығы, жуандығы бойынша салыстырады. «Сөйлемді аяқта» ойынын ұйымдастыру.

№2, №3, №4 тапсырмаларды орындамас бұрын «Не өзгереді?» ойынын ұйымдастыруға болады, содан кейін оқулықтағы тапсырмалар орындалады .

№3 тапсырманы орындау кезінде «Ең кішкентай, орташа, ең үлкен» сөздерін дұрыс қолдануға дағдыландыру керек .

№5 тапсырма оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. «Әр қатардағы фигураларды салыстыр. Олардың ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде? Әр бағандағы фигураларды салыстыр. Олардың ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?» деген сияқты тапсырмалар беріледі.

V.Сергіту сәті

Қане қанат жазайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Ұшып-ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

VI.Дәптермен жұмыс 12-13 бет

Өтілген сабақты бекіту үшін №1 тапсырма орындалады.

№2 тапсырманы орындау кезінде суреттерді пішіні, түсі бойынша салыстыру арқылы бұрыңғы өтілген тақырыптарды қайталайды.

№3 тапсырма графикалық дағдыларын жетілдіруге арналған.

№4 тапсырма арқылы балалардың жаңа сабақты қалай меңгергендерін байқауға болады. тапсырманы мұғалім оқиды, балалар тиісті түспен бояйды.

VII. Жаңа сабақты қорытындылау.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?

VIIІ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.

 

Ещё уроки серии

Все 47 уроков
  1. Түзу, қисық сызық. Тұйықталған, тұйықталмаған қисық сызықтар.
  2. Уақыт туралы түсінік.
  3. Фигураларды бөліктерге бөлу және құрастыру.
  4. Қосу амалындағы сандардың атаулары.
  5. Қосу және азайту амалдарының өзара байланысы. 2,5 сандарының құрамы.
  6. Қосу, азайту таңбалары. Өрнек.
  7. Қосындыны,қалдықты табуға берілген есептерді шығаруға дайындық.
  8. Ұзын – қысқа. Биік – аласа. Кең – тар.
  9. Ұзындықты өлшеу.
  10. Өрнектерді салыстыру.

Математика в 1 классе

Все предметы 1 класса