Қосу және азайту амалдарының өзара байланысы. 2,5 сандарының құрамы.

0
724

29-шы сабақ

Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту амалдарының өзара байланысы. 2,5 сандарының құрамы.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Қосу мен азайту арасындағы өзара байланысты балаларға көрсету; Мысалдар төрттігін құрастыруға үйрету.

2.Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабіліеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ -жауап, ізденушілік

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың көрнекіліктері: сандар, «Үндемес»,

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

І. Психологиялық дайындық

Күнде шат күліп күн,

Шаттанамыз бәріміз.

Өміріміз көңілді,

Мәңгілік достықпен,

Мақтанамыз бәріміз.

ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша жұмыс: 50 бет

«Бір немесе көп затты тап», «Сандарға реті бойынша өз орнын табуға көмектес» ойындар түрлерін қолдануға болады.

IІІ. Жаңа материалмен таныстыру

Жаңа материалды оқып – үйренуді нақты жағдайларды суреттейтін мысалдарды құрастырудан бастауға болады. Мысалы 1)3 қызға тағы 2 қыз келіп қосылды. Неше қыз болды?

2) Егер 2 қыз кетіп қалса, неше қыз қалады? Мұны қандай амалмен көрсетуге болады? ( 5-2 =3 ). Ал егер 3 қыз кетіп қалса ше? Мұндай жағдайда қалай жазуға болады? (5-3 =2).

Оқулықтағы №1 талдау.

№2 -ні дәптерге орындау

3+2 3+1 1см+4см

2+3 1+3 4см + * см

5-3 4-3 5см – * см

V. Өтілген материалмен жұмыс. «Ойлан, тап » ойын бойынша №3 ауызша орындау.

Сандар құрамын айту.

2 3 4 5

Тұрғындардың мекен жайын анықтайтын тапсырмамен №4 оқушылар алғаш рет кездесіп тұр. Тұрғындардың орналасуын дұрыс айтуға үйрету керек- алдымен подъезді, содан соң қабатты анықтайды.

№5 тапсырмадағы сурет бойынша ұжыммен тақтада өрнек құрастыруға болады.

VI.Сергіту сәті.

Қорбандаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп -теріп алайық

Қалтамызға салайық

VII.Дәптермен жұмыс 41 бет №1 тапсырма оқулықтағы №1 -ге ұқсас. алдымен 1 суреттегі бос торкөздерді сандармен толтырады. Амал компонент-терінің атауларын пайдалана отырып, өрнектерді оқиды. Содан кейін балаларға екі түрлі түсті қарындашпен қоршаудың ішіне дөңгелек (үшбұрыш) сызу ұсынылады. Олардың саны өз қалаулары бойынша болуы мүмкін. Қосу мен алу компоненттерімен өзара байланыс орнатылады.

Графикалық дағдыларын пысықтау мақсатында № 3 тапсырма орындатылады. Бағандардың барлығын жаза бермей, тек 1-ші мен 3-ші немесе 2 -ші мен 3-ші бағандарды жазады.

Өздік жұмыс №4 -42 бет. Берілген сандардың құрамын нүктелер арқылы көрсету.

VIIІ.Сабақтың қорытындысы.

ІХ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь