Теңдік. Теңсіздік

0
1234
география

26-шы сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Теңдік. Теңсіздік

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: «Теңдік», «теңсіздік» туралы түсінктерін қалыптастыру және сәйкес терминдермен таныстыру.

2.Дамытушылық: Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой өрісін дамыту.

3.Тәрбиелік: Ұжымдыққа, ептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Сайыс

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық дайындық

Математика, достарым

Ең маңызды, керекті.

Қатал да нақты пәніміз.

Ол – қызықты, сүйікті

Математика пәніміз.

ІІІ.Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша жұмыс

IV. Жаңа материалмен таныстыру.

№1 3 > 2 2<2+2 -бұл теңсіздіктер

3= 3 3=4-1 -бұл теңдіктер

Мұғалім баларға дөңгелектердің санын салыстыруды, сәйкес салыстыру таңбалары қолданылған жазуды оқуды ұсынады және «теңсіздік», түсінігімен таныстырады.

Осы тапсырманың екінші қатарындағы « =» таңбасымен жазылған жазуды оқиды.

Мұғалім мұндай жазулардың теңдік деп аталатынын түсіндіреді.

V.Дәптермен жұмыс.

Дәптердегі №1 38 бет, тапсырманы алғашқы бекіту жұмысы ретінде қолдануға болады.

Суретпен оның астындағы оған сәйкес жазуды қарастырып, салыстыру таңбасын таңдайтын, таңдау себебін түсіндіреді.

№2 – 45 бет. тақтада да, дәптерде де орындауды қажет етеді ( дәптерде ол үшін арнайы орын бөлінген ).

4*3 3*4 4*2+1

1*3 3*1 3*2+2

2* 3 3*2 2*4 -2

VІ.Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ,

Осып едім екеуін,

Болып шықты он саусақ.

VІІ.Дәптермен жұмыс. Оқулықтағы №3 -45 бет дәптерге орындау

3 * 3 -1 3+1*3

2*2 +2 4-1 * 4

4*4 -2 1+3 *1

Өздік жұмыс №4 фигураларды боя.

VIIІ. Сабақты қорытындылау.