Сабақтың атауы: Ұстаз

0
656
карта мира

Айы , күні

10.09.

4-сынып

Сабақтың атауы:

Ұстаз

Мақсаты:

Мәнерлеп оқуға үйрету,сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, оқушыларды өзара қарым-қатынасқа түсіру.

Оқу нәтижесі:

Ұстазды құрметтеуге тәрбиелеу, оның айтқанына үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Әдіс тәсілдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+

Оқыту мен оқуды ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану;+

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Дереккөздер:

Ноутбук, слайд, карточкалар,

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Тренинг «Картоп егу»

2.Топқа бөліну

3.Мәтінмен жұмыс. Екі топ мәнерлеп оқиды, бір-бірін бағалайды.

4.Сұрақтарға ауызша жауап беру.

Өлеңді кезекпен оқу.

5.3-жаттығуды тақтада, дәптерде топтар кезекпен орындайды.

6. Жаңа танысқан сөздерді қайталау.

7.Сабақты бекіту.

8. үйге тапсырма алу.

9. Бағалау.

Ұстаз- учитель, натавник

Мейірімді-добрый

Дарынды- талантливый

Асыға күтеміз- ждем с нетерпением

Сыйлаймыз- уважаем

Ұстаз

Біз мектепке келдік. Бізді ұстазымыз қарсы алды. Оның аты – Әлімғали Әлібекұлы. Ол – мейірімді адам. Ол – қазақ тілі пәнінің мұғалімі. Қазақ тілі сабағын біз жақсы көреміз. Оны біз асыға күтеміз.

Әлімғали Әлібекұлы – дарынды ұстаз. Біз ұстазымызды сыйлаймыз.

Тапсырма:

1. Мәтінді түсініп оқы, түсінгенінді қазақша, орысша айт.

2. Сұрақтарға жауап бер.

Бізді кім қарсы алды?

Оның аты кім?

Ол қандай адам?

Біз кімді сыйлаймыз?

3.Ұстазым

Қаламдай мені ұштадың,

Үлгілі істі нұсқадың.

Ақкөңіл, ізгі қамқоршым,

Ақылшым, асыл ұстазым.

Ашып тұр Отан құшағын,

Алғыспен оны құшамын.

Ұстазым, маған сене бер,

Биікке талмай ұшамын.

Ә. Табылды

3-жаттығу.

Менің ұстазым …. Оның аты-жөні- ….. Ол мейірімді ….. Ол – …..пәнінің мұғалімі. Мен ұстазымды ….

Топқа бөлу:

Түсті стиктермен 2 топқа бөліну: оқу құралдары мен сүт тағамдары

Тапсырмалар:

Тапсырма № 1

Құшақ, талмай, дән, тәлім сөздерімен сөз тіркестерін құру.

Тапсырма № 2 (Инклюзивті оқыту)

Үлгерімі төмен оқушыға 5-жаттығу. Жұмбақты оқу, аудару, жауабын табу.

Сергіту сәті

Музыкалық сергіту сәті

Үйге тапсырма

«Ұстазым» өлеңін жаттау, жұмбақты шешу, жаңа сөздерді жаттау.

Рефлексия

Аялы алақан

Бағалау:

Критерийлер бойынша өзара бағалау.

Критерийлер:

Мәнерлеп оқу;

Түсінгенін айта білу;

Сауатты жазу;

Бір-бірін тыңдау;

Белсенді болу;

Уақытты бағалау;

Тәртіп бұзбау.