Сабақтың атауы: Менің әкем

0
924
изучение информатики

Айы , күні

4.09.

4-сынып

Сабақтың атауы:

Менің әкем

Мақсаты:

Отбасындағы әке рөлі туралы әңгімелесу, әке – қамқоршы, үлгі – өнеге аларлық тұлға. Мәтінге байланысты сұрақ қоюға, сөйлем моделін сақтай отыра толық жауап бере білуге баулу.

Оқу нәтижесі:

Өз әкесі туралы әңгімелей алады. Әке туралы мақалдармен танысады. Ауызекі сөйлеу дағдысы дамиды.

Әдіс тәсілдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+

Оқыту мен оқуды ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану;+

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Дереккөздер:

Ноутбук, слайд, карточкалар,

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Тренинг «Атом молекулалары

2.Топқа бөліну

3.Мәтінмен жұмыс. Екі топқа мәтін бөліктері беріледі. Жақсылап оқып, келесі топқа барып түсінгенін әңгімелеуге бір оқушыны дайынлауы керек.

4.Топта грамматикалық тапсырмаларды орындау топ алдында қорғау.

5.Сабақты бекіту.

6 Үйге тапсырма алу.

7. Бағалау.

Менің әкем

Менің отбасымда төрт адам бар. Ол менің әкем, шешем, ағам және мен. Отбасымыздың үлкені – әкем. Әкемнің аты – Ерасыл. Ол 42жаста, мамандығы – жүргізуші. Әкем күнделікті жұмысына тыңғылықты қарайды. Отбасында мейірімді. Бізге әрқашан көмектеседі.

Кешке жұмыстан келгенде шаршап келеді. Біз оның көңілін көтеруге тырысамыз. Әкем үйге келгенде шаршағанын ұмытып кетемін дейді.

Біз әкемізді жақсы көреміз.

Тапсырма:

1. Мәтінді түсініп оқы, түсінгенінді қазақша, орысша айт.

2. Мәтіннің сөздерін буынға бөліп оқу, жуан . жіңішке айтылатын 5 сөзден теріп жазу, әке сөзін септеу.

Топқа бөлу:

Түсті стиктермен 2 топқа бөліну: жаз және күз айлары

Тапсырмалар:

Тапсырма № 1

Әке сөзін көпше тәуелдеу-карточкамен жұмыс.

Тапсырма № 2 (Инклюзивті оқыту)

Үлгерімі төмен оқушыға карточка беру, мәтінді буынға бөліп көшіру. Бірнеше сұрақ құру.

Сергіту сәті

Музыкалық сергіту сәті

Үйге тапсырма

«Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағадағы құрақ» мақалына сурет салу

Рефлексия

Кемпірқосақ

Бағалау:

Критерийлер бойынша бағалау.

Критерийлер:

Мәнерлеп оқу;

Түсінгенін айта білу;

Сауатты жазу;

Бір-бірін тыңдау;

Белсенді болу;

Уақытты бағалау;

Тәртіп бұзбау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь