Сабақтың атауы: Менің атам мен әжем

0
1019
физика

Айы , күні

3.09.

4-сынып

Сабақтың атауы:

Менің атам мен әжем

Мақсаты:

Отбасындағы ата мен әженің орнына ерекше мән беру, отбасы ұйтқысы, ақылшысы екенін ұқтыру.

Оқу нәтижесі:

Қазақ отбасындағы сыйластық қатынастары туралы түсінеді, әр отбасы мүшесінің өз рөлі барын біледі. Ауызекі сөйлеу дағдысы дамиды.

Әдіс тәсілдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер;+

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;+

Оқыту мен оқуды ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдалану;+

Талантты және дарынды балаларды оқыту;

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу+

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Дереккөздер:

Ноутбук, слайд, карточкалар,

Ұйымдастыру кезеңі:

1.Тренинг «Дене мүшелерінің амандасуы»

2.Топқа бөліну

3.Мәтінмен жұмыс. Екі топқа мәтін бөліктері беріледі. Жақсылап оқып, келесі топқа барып түсінгенін әңгімелеуге бір оқушыны дайынлауы керек.

4.Слайдты көру.

Топпен 1-тапсырманы орындау, топ алдында қорғау. 5.Сабақты бекіту.

6. үйге тапсырма алу.

7. Бағалау.

Менің атам мен әжем

Менің отбасымда алты адам бар. Ол менің атам, әжем, әкем, шешем, қарындасым және мен. Отбасымыздың басшысы – атам. Ол өте мейірімді, елге сыйлы адам. Атам мен әжем немерелерін еркелетеді, бағады. Олар – зейнеткерлер.

Әкем мен анам жұмыс істейді. Қарындасым балабақшаға барады. Ал мен төртінші сыныпта оқимын. Мен өз отбасымды жақсы көремін және құрметтеймін.

Тапсырма:

1. Мәтінді түсініп оқы, түсінгенінді қазақша, орысша айт.

2. Мәтіннен ата, әже сөздерін тәуелдеңдер.

Тапсырма: отбасы мүшелерін жас шамасына қарай тиісті деңгейге жаз.

Ата, әке, аға, сіңлі, әпке, әже, қарындас, апа, іні

Топқа бөлу:

Түсті стиктермен 2 топқа бөліну: отбасы мүшелері атаулары бір топ, оқу құралдары екінші топ болады.

Тапсырмалар:

Тапсырма № 1

Ата сөзін көпше тәуелдеу-карточкамен жұмыс.

Тапсырма № 2 (Инклюзивті оқыту)

Үлгерімі төмен оқушыға карточка беру, отбасы тақырыбына байланысты сөйлемдер құру.

Сергіту сәті

Музыкалық сергіту сәті

Үйге тапсырма

Отбасы туралы мақалдар жазып келу. Диалогты толықтыру:

-Арай , сенің отбасың үлкен бе?

– Жоқ, менің отбасым ……. үлкен емес, шағын.

– Сенің ағаң бар ма?

– …… жоқ.

– Ал әжең бар ма?

– Иә, менің өжем …….. .

– Ал анаңның аты кім?

– Анамның аты – …………..

Рефлексия

Даналық ағашы

Бағалау:

Өзара бағалау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь