Сабақтың тақырыбы: Менің дене мүшелерім.

0
635
математика

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Оқушылардың өз дене мүшелері туралы өз сөздерімен әңгімелей алатын деңгейге жеткізу.Іс-әрекеттер арқылы сөйлеу дағдысын оқушының жас ерекшелігіне сай толық меңгеру. Сөйлеу қабілеттерін жандандыру.білім сапасын арттыру.

Тәрбиелік. Гигиеналық тазалық туралы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жүргізу. Тазалыққа баулу.

Дамытушылық. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөзді дұрыс айтуға дағдыландыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Модуль құрамын түсіндіру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІҮ. Сөздік жұмысы.

Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

Әр түрлі әдістер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.

ә) тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасы дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады.

б) Жаңа сөздер деректі заттар болса, оларды мұғалім көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады. Кейін оқушылар кезек- кезек тақта алдына шақырылып, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.

Ү. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Оқылым және айтылым әрекеттері аударма жұмысымен жандандыру. Әр оқушымен жеке жұмыс жасау.

2-тапсырма. Тапсырмада берілген орыс тіліндегі сөйлемдер арқылы жұмысты Іжақта орындаған соң ІІжақта орындау. Жұмысты жұптық түрде жалғастыру.

3-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген тапсырманы барлық оқушылармен бірге орындау.

4- тапсырма. Практикалық жұмыспен тапсырмада берілген бұйрықты сөйлемдер арқылы жұмыс жасау. Тапсырманы сыныптағы барлық оқушылармен орындау.

5-тапсырма. Жазылым әрекеттеріне берілген сөз тіркестері бойынша тақта алдында жұмыс жасау.

6-тапсырма Сергіту сәті.

ҮІ. Сабақты бекіту.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру. Сөздікті жаттау

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь