Сабақтың тақырыбы: Мен және менің отбасым

0
650
физика

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.

Тәрбиелік. Оқушыларды саналы білім алуға баулу және өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.

Дамытушылық. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сөздік қорын байыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Модуль құрамын түсіндіру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІҮ. Сөздік жұмысы.

Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

Әр түрлі әдістер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.

ә) тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасы дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады.

б) Жаңа сөздер деректі заттар болса, оларды мұғалім көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады. Кейін оқушылар кезек- кезек тақта алдына шақырылып, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.

Ү. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Тыңдалым және айтылым әрекеттеріне берілген тапсырманы мұғалімнің көмегі арқылы іске асыру. Әр оқушымен жеке жұмыс жүргізу. Өз отбасы туралы айтуға дағды қалыптастыру. Сыныптағы барлық оқушыларды тілдесімге жетелеу.

2-тапсырма. Диалогты оқу.

3-тапсырма. Үлгі бойынша берілген тапсырмамен жұмыс жасау.

4-тапсырма. Жұптық жұмыс. Бұл тапсырманы оқушының ана тілінде сұрақ-жауап жасап, бекітуге болады.

5-тапсырма. Сурет бойынша тапсырманы сыныптағы барлық оқушылармен орындау. Тапсырмадағы қайда? Сұрағының мағынасын түсіндіру.

6-тапсырма. Тапсырмада берілген сергітуді оқылым, тыңдалым, айтылым әрекеттерімен ұштастырып, хормен айтып, қимылдармен жалғастырып, жаттап алу.

ҮІ. Сабақты бекіту.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру. Сергітуді жаттау.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите свой комментарий!
Пожалуйста, введите ваше имя здесь