Сабақтың тақырыбы: Біздің жануарларымыз.

0
635
информатика

Күні: ………………….

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік. Оқушыларлың сөздік қорын оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттері арқылы қалыптастыру.

2.Тәрбиелік. Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға бағыттау.

3.Дамытушылық. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Модуль құрамын түсіндіру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІҮ. Сөздік жұмысы.

1.Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

2.Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

3.Әр түрлі әдістер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.

ә) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасы дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады.

б) Жаңа сөздер деректі заттар болса, оларды мұғалім көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады. Кейін оқушылар кезек- кезек тақта алдына шақырылып, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.

Ү. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Оқылым әрекетіне берілген мәтінмен жұмыс жасау. Оқушылардың сөздік қорын бақылау.

2-тапсырма. 2- тапсырмада берілген ережемен жұмыс жасау. Оқушының ана тіліндегі ережені әр оқушыға оқыту. .

3-тапсырма. Тапсырмада берілген өлең бойынша мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру.

Сергіту сәті

4-тапсырма. Жазылым әрекетін және сұрақ жауап жасап , тапсырманы бекіту.

5-тапсырма. Қисынды ойлау қабілетіне берілген «Сандарды сөйлет» тапсырмасын орындау . тапсырманы жазылым әрекетімен аяқтау.

6-тапсырма. Айтылым әрекетінен басталған тапсырманы жазылым әрекетімен аяқтау.

ҮІ. Сабақты бекіту. Берілген суреттерді дұрыс орналастыр.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру.