Сабақтың тақырыбы: Оқушы міндеті – кезекшілік. Синоним.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
синонимді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, венн диаграммасы, бес жолды өлең
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: синонимдерді меңгеру, оқушы міндеті жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Болашақтағы мектеп ғимараты» тақырыбына әңгіме жазу.
Өздері іздеп, 5 синонимдік қатар табу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. Сөйлесуді толықтыру.
– Бүгін сыныпта кезекші кім?
– … .
– Кезекшінің міндеті не ?
– … .
2 – тапсырма. «Оқушының міндеті – кезекшілік» мәтінін оқып, сұрақтар құраңдар.
3 – тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін тауып, сөйлем құраңдар.
Туған жер, нәрсе, жәрдем, бет, оқиға, жақсы, жаман
Бес жолды өлең
1. Зат есім – туған жер
2. Сын есім – әдемі, үлкен
3. Етістік – қорғайды, сағынады, дүниеге келеді
4. Сөйлем – Адам туған жерін сағынады.
5. Синоним – Отан, атамекен, туған ел
Ережемен жұмыс
Синоним сөздер – мағыналары бірдей сөздер.Мысалы: ат – есім – ныспы; мұғалім-ұстаз-оқытушы; оқушы-шәкірт; әдемі-сұлу-әсем, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Венн диаграммасы Сұрақ: Оқушы кезекшілік міндетінде не істейді?
Сыныптағы кезекшілік Ұқсастығы Дәліздегі кезекшілік
V. Үйге тапсырма
«Оқушының міндеті –кезекшілік» мәтінін мазмұндау. Өздері 5 синонимдік қатар табу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау