Қазақ тілі 5 класс на казахском

Оқушы міндеті – кезекшілік. Синоним.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: Оқушы міндеті – кезекшілік. Синоним.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

синонимді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, венн диаграммасы, бес жолды өлең

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: синонимдерді меңгеру, оқушы міндеті жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Болашақтағы мектеп ғимараты» тақырыбына әңгіме жазу.

Өздері іздеп, 5 синонимдік қатар табу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Сөйлесуді толықтыру.

– Бүгін сыныпта кезекші кім?

– … .

– Кезекшінің міндеті не ?

– … .

2 – тапсырма. «Оқушының міндеті – кезекшілік» мәтінін оқып, сұрақтар құраңдар.

3 – тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін тауып, сөйлем құраңдар.

Туған жер, нәрсе, жәрдем, бет, оқиға, жақсы, жаман

Бес жолды өлең

1. Зат есім – туған жер

2. Сын есім – әдемі, үлкен

3. Етістік – қорғайды, сағынады, дүниеге келеді

4. Сөйлем – Адам туған жерін сағынады.

5. Синоним – Отан, атамекен, туған ел

Ережемен жұмыс

Синоним сөздер – мағыналары бірдей сөздер.Мысалы: ат – есім – ныспы; мұғалім-ұстаз-оқытушы; оқушы-шәкірт; әдемі-сұлу-әсем, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Венн диаграммасы Сұрақ: Оқушы кезекшілік міндетінде не істейді?

Сыныптағы кезекшілік Ұқсастығы Дәліздегі кезекшілік

V. Үйге тапсырма

«Оқушының міндеті –кезекшілік» мәтінін мазмұндау. Өздері 5 синонимдік қатар табу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау

 

Ещё уроки серии

Все 186 уроков
  1. Отбасындағы дәстүрлер. Жалқы есімдер
  2. Оқу құралдары. Омоним.
  3. Оңтүстік Қазақстан. Деректі, дерексіз зат есім.
  4. Сағат қанша? Бөлшектік сан есім
  5. Сезу мүшелері. Септеулік шылау.
  6. Солтүстік Қазақстан. Жалпы және жалқы зат есім.
  7. Среднесрочное планирование по казахскому языку в 5 классе
  8. Сәрсенбі. Жинақтық сан есім.
  9. Табиғаттағы өзгерістер. Түбір және қосымша.
  10. Таңғы, түскі, кешкі тамақ. Дауыссыз дыбыстар.

Қазақ тілі в 5 классе

Все предметы 5 класса