Нан дастарқанға қалай келеді? Барыс септігі

0
786
науки информатики

Сабақтың тақырыбы: Нан дастарқанға қалай келеді? Барыс септігі

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

барыс септігін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға

үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: барыс септігін меңгеру, нан туралы өз ойларын айта білу; Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

3 – тапсырма («Мамандықтар» мәтінін мазмұндау). 4 – тапсырма.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. «Нан дастарқанға қалай келеді?» мәтіні бойынша топтық жұмыс.

мәтінді оқиды

мәтін бойынша сұрақтар мен жоспар құрайды

мәтінді мазмұндайды

мәтіндегі тірек сөздерді табады.

суреттер бойынша сұрақтарға жауап береді

2 – тапсырма. Нан туралы мақалдар мен нақыл сөздерді оқып, мағынасын түсіндіріңдер.

1. Еңбектің наны – тәтті,

Жалқаудың жаны – тәтті.

2. Ас атасы – нан.

3. Нан – қасиетті тағам.

4. Нанды қастерле!

3 – тапсырма. Төмендегі етістіктерді осы шақта жазыңдар.

4 – тапсырма. «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңін рөлге бөліп оқыңдар.

Ережемен жұмыс

Барыс септігі

Сұрақтары: кімге? Неге? Қайда?

Жалғаулары: -ға, -ге,-қа,-ке,-а,-е;

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма («Нан дастарқанға қалай келеді?» мәтінін мазмұндау)

2 – тапсырма (Нан туралы мақалдар мен нақыл сөздерді жаттау)

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау